Сиырдың сүті – тілінде
Төсінде төрт түлік шұбырып, даласында егін жайқалып, қамбасында астығы тасыған Қызылжар – еліміздің агроөнеркәсібінде маңызды орын алатын облыстардың бірі. Ет, сүт, жұмыртқа, айта берсек, халыққа бірінші кезекте қажетті азық-түліктің көбі теріскейде өндіріледі. Соңғы жылдары қарқынды жұмыс істеп, қолданысқа беріліп келе жатқан сүт фермалары, құс фабрикалары өңіріміздің ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндіктерінің бұдан да зор екенін көрсетіп …