Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақытыңыздың тығыздығына қарамастан “Egemen Qazaqstan” газетіне сұхбат беруге келіскеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қоғамды толғандыратын мәселелер туралы пікіріңіз қазақ баспасөзі үшін өте маңызды. Сондықтан түрлі тақырыпта өзіңізбен ашық әңгіме өрбіткіміз келеді. Өткен жыл несімен есіңізде қалды? – Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын! 2023 жыл еліміз үшін …