«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘДІЛ СОТ – АДАЛ ҚОҒАМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі соттар, шын мәнінде, тәуелсіз, ашық және кәсіби болмаса, заң үстемдігін қамтамасыз ету мүмкін емес екенін айрықша атап көр­сеткен болатын. Осыған орай мем­лекет тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Кадр іріктеудің жаңа әдістері енгізіліп, сот үде­рісі мен рәсімдері жаңғыртылуда. Судьялардың тәуелсіздігіне және оған ешкімнің қол сұқпауына толық кепілдік берілген. Елімізде эко­номикалық сот құру қажеттігі алғаш рет Президенттің 1999 жылғы 22 қарашадағы “Қазақстан Республикасы Президенті жанын­дағы Шетелдік инвесторлар кеңесі екінші мәжілісінің кеңестері мен ұсыныстарын орындау жөніндегі шаралар туралы” Өкімінде атап көрсетілген болатын. Осыған орай Алматы мен Қарағанды қалала­рында тәжірибе ретінде ауданара­лық мамандандырылған экономикалық соттар пайда болды. 2001 жылы өткен Республика судьяларының үшінші сьезінде бұл бағыт­тағы жұмыстарды одан әрі дәйек­тілікпен жалғастыру міндеті қойы­лып, қызметін жандандырудың тиісті құқықтық базасы түзілді. Атап айтқанда, Азаматтық іс жүр­гізу кодексіне өзгертулер мен то­лықтырулар енгізіліп, қарауына жататын істер айқындалды.

Қазіргі таңда облыстық маман­дандырылған ауданаралық экономикалық сот құқықтық және заңнамалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, мүліктік және мүліктік емес даулар бойынша аза­маттық істерді біліктілікпен қа­райтын, кәсіби даярлығы мол ұжым ретінде қалыптасып, сот жүйе­сі алдына қойылған талаптарды абыроймен орындауды басты мақ­сат санайды. Құқықтық реформа саласындағы жаңа жүйе, бір жағынан, шектен тыс жүктемені азайтумен қатар сот төрелігін жү­зеге асырудың сапасына, азамат­тарға қолжетімді қызмет көрсеті­луіне де айтарлықтай ықпал етіп отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы “Әділетті Қазақстанның экономи­калық бағдары” Жолдауында белгілеп бергендей, негізгі мақсаты­мыз – бәріне бірдей мүмкіндік бе­ретін өркениетті ел – Әділетті Қа­зақстан құру жолында заң үстемдігін орната отырып, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағида­тын нақты іске асыру. Сот-құқық­тық реформалар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүдде­лерін, құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың үлгісіне айнал­ған мамандандырылған аудан­аралық экономикалық соттарға тың бағыт беріп, құқықтық қолданыстағы тәжірибелерді же­тіл­діру талабын қойып отыр.

Сот тиімділігі мен беделін кө­терудің бір жолы – қажетті мате­риалдық-техникалық жағдайдың жасалуы. Сот залдары аудио-бей­нежазбамен толық жабдықталған. Ақпараттық технологиялар кеңі­нен қолданылады. Ал ресми сайт­қа сот қызметіне қатысты ақпарат­тар орналастырылып, азаматтардың конституциялық құқықтарына байланысты көмек-кеңестер ұсы­нылады.

Былтыр заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған сот төрелігін сапалы іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар ат­қарылды. Осы уақыт аралығында 3077 өтініш және 170 іс келіп түсіп, 2747 өтініш бойынша өндірістік іс жүргізілді. 296 талап кері қайтарылды, негізгі себептері – мемлекеттік баж төленбеген. Өткен жылмен салыстырғанда аяқтал­ған істердің саны 735-ке ұлғайды. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүр­гізу тәртібімен 767 іс қаралды. 1737 іске қатысты түпкілікті шешім шығарылып, 463 іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Жеке ұйғарым шығарылған істер – 34.

Бір мысал келтірейін,  “Бога­тыр-Көмір” ЖШС-ның “СевКазЭнер­го” компаниясынан 1286393407 теңге мөлшерінде берешек қарызын және 39020132 теңге көлемінде мемлекеттік баж­ды өндіріп алу талабы бойынша азаматтық іс қаралды. Талапкер мен жауапкер арасында 2022 жыл­дан келісімшарт бола тұра, орындалмаған. Оның ақыры сотқа жүгінуге соқтырған. Судья Б.Жайжұ­манов қос тарапқа татуласудың тәртібін, салдары мен артықшы­лықтарын түсіндіріп, дауды ме­диация үрдісімен шешуді ұсынды. Нәтижесінде екі жақ бейбіт келісімге келді. Осылайша іскерлік қа­тынастарын сақтап, сот шығыны қаражатын әрі уақытты да үнемдей білді. Талапкерге мемлекеттік баж толықтай қайтарылды. Тұтас­тай алғанда, 381 іс бойынша тараптар татуласып, оның ішінде 131-і бойынша бітімгершілік келісімге келді. 250 іс бойынша ме­диативтік келісім жасалып, 98 млн. теңгеден астам мемлекеттік баж түгелімен өтелді.

Судьялар жоғары жүктемелер­ге қарамастан істерді жыл­дам әрі сапалы қарау, шағымдар санын азайту, ұжымдағы психо­логиялық ахуалды жақсарту, қос тарапты татуластыру, мәмілеге кел­тіру үдесінен көріне отырып, лауазымды адамдар мен жеке­леген тұлғалар тарапынан жібе­рілген құқық бұзушылықтарды назардан тыс қалдырған жоқ.

Бекбол БАЙМАХАНОВ,

облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp