Петропавлда қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті. Дәстүрлі додаға 100-ден астам жас балуан қатысты.
Бозкілемде 2007-2011 жылдар аралығында туған жасөспірімдер өз араларында мықтыны анықтады. Жарыс 10 салмақ дәрежесі бойынша өтті.
– Облыс чемпионаты екі күнге шақталды. Турнирдің алғашқы күнінде 2009-2011 жылы туғандар күш сынаса, екінші күнінде 2007-2008 жылы туғандар күресті, – дейді жарыстың бас төрешісі Асылхан Болатов.
Жарыста алтыннан алқа тағынғандар ақпан айында Талдықорғанда өтетін ел біріншілігіне жолдама алды. Барлық жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.