«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Еурохаттаманың” артықшылығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеңіл жол апатына ұшыраған жүргізушілер полиция мен соттың қатысуын­сыз жеңілдетілген тәртіпте сақ­тандыру шағымын бере алады.

Ішкі істер министрлігінің бас­пасөз қызметі берген ақпаратқа сай, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде полицияның және соттың қатысуынсыз же­ңілдетілген тәртіпте сақтандыруды ресімдей алады. Бұл үшін мемлекет “Еурохаттама” арнайы мобильді қосымшасын әзірледі.

Қосымшаның көмегімен жүргі­­зу­­шілер өздері жол-көлік оқиғалары фактісін тіркеп, сақтандыру компанияларына материал­дық залалды өтеуге өтінім береді.

“Еурохаттама” арқылы жол-көлік оқиғаларын ресімдеудің мін­детті үш шарты бар:

– жол-көлік оқиғасына екі кө­лік құралы ғана қатысқан кезде;

– жүргізушілердің қолда­ныстағы сақтандыруы болуы қажет. Сондай-ақ кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушіліктер болмаған кезде;

– апат салдарынан денсаулыққа залал келтірілмесе, ал кө­лікке келтірілген шығын сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен ас­паса, ол 369 мың теңге.

Осындай тәртіпте жол-көлік оқиғасын ресімдеу үшін мобиль­ді телефонға “Еурохаттама” қо­сымшасын қосып алып, тіркелу рәсімін жүргізіп, оқиғаның фото және бейнематериалдарын салу керек. Қосымшаны тиімді пайда­лану мақсатында жол-көлік оқиғасының қатысушылары жақын жердегі полиция нарядына жүгі­не алады, олар оны пайдалану кезінде көмек көрсетеді.

“Еурохаттаманың” артықшы­лығы неде:

– азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғаларын ресімдеу үшін поли­цияны күтпейді, осылайша жолдардағы кептеліс жағдайлары төмендейді.

– жеңілдетілген тәртіппен тіркелген жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкерші­лікке тартылмайды.

– сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Егер бұрын осы­ның бәрі 30-дан 90 күнге дейін уақытты алса, қазір хатта­ма тіркеу сәтінен бастап төлемді алуға шамамен бес күн кетеді.

Айгерім ТАРИНА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp