«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Міндет айқын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент жаңа жылда берген алғашқы сұхбатында еліміздің өркендеуіне жол ашатын бірқатар міндеттерді таразылап берді. Оның ішінде маңыздылары – ауқымды өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру, инвестиция тарту, кәсіпкерлік пен бәсекені дамыту.

Бір сөзбен айтқанда, кез келген өңірдің жел қайдан соқса да желкенді өзіне оңтайлы бұра алатындай, жан-жақты ойластырылған жоспары құрылуы шарт. Сонда ғана көздеген мақсаттарымыздың барлығына қол жеткізіп, белгіленген мерзімде экономикалық өсімді ұлғайта аламыз.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысына басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері селекторлық режімде қатысып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары талқыланды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевтың 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы, 2024 жылы мемлекеттік сатып алуларды өткізу және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қаражат бөлу туралы есебі тыңдалды.

Ғауез Торсанұлы биылғы жылдың межелерін орындау барлық құрылымдар мен аудандар үшін басты міндет болып табылатынын, сондықтан озық жобалар мен маңызды құрылыс нысандарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету шараларын кідірместен жылдам бастау қажеттігін атап өтті. Осыған орай мемлекеттік органдардың басшыларына жобалық-сметалық құжаттамаларды дер кезінде әзірлеп, конкурстарды уақытылы және сапалы өткізіп, бюджеттің атқарылуын қатаң қадағалауды тапсырды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp