«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тіліміз қашан төрге озады?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік тілдің мәрте­бесі – өңіріміздің руханият са­ла­сындағы аса өзекті түйткіл­дердің бірі. Жыл сайын аталған салаға қолдау көрсетіліп, ма­мандар даярланып, курстар ашылғанымен қазақ тілінің төрге озуы әлі де кешеуілдеп келеді. Мұны жуырда облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жа­риялаған зерттеу қорытынды­лары да айғақтайды. Былтыр жүргізілген өңірдегі қазақ, орыс, ағылшын тілін білетін­дердің үлесі жайлы зерттеу қо­рытындысына сүйенсек, өңір тұрғындарының тек 59,6 пайызы мем­лекеттік тілді меңгерген екен. Ал орыс тілін білетіндер – 95,6, ағылшын тілін білетіндер – 23,3 пайыз. Зерттеуге қа­тысқан­дар­дың 20,5 пайызы үш тілді де бі­летіндерін көрсеткен.

Жалпы аталған талдау жұ­мыстарына өңірдің барлық ау­даны мен облыс орталығынан әрқайсысынан 150 адамнан, жал­­пы 2100 адам қатысқан. Оның қорытындысы мемле­кеттік тілді білу үлесі Ақжар, Уә­лиханов аудандарында жо­ғары екенін көрсетті. Аталған аудан­дарда бұл көр­сеткіш 90 пайыз­дан асады. Ал қала мен 9 аудан­да қазақ тілін білу көрсет­кі­ші 50 пайыздың маңайында. Ағыл­шын тілін білу көрсеткіші ау­дан­дарда 20 пайыздан сәл ас­са, облыс ор­талығында 34 пайыз.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp