«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық бірегейлігімізді айшықтай түседі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысының жыл басында жарияланған сұхбатында ел өмірінің әр саласына мән беріліп, құнды пікірлер айтылған. Аталған сұхбат бүгінгі қоғамға ой салып, бірқатар мәселелердің нүктесін қойғандай болды.

Біріншіден – Президентіміз тарихи шындықты қалпына келтіруге мән берді. Қаңтар оқиғасы, 2019-2022 жылдардағы саяси өзгерістерге баға берілді. Бұл – осы күні қоғамда қызу талқыға түсіп, елдің қызығушылығын тудырып келе жатқан мәселелердің бірі еді. Қаңтар оқиғасына қатысты әр адам түрлі жорамал айтып, бүгінге дейін осынау зобалаңның нақ бағасы берілмей келді.

Екінші мәселе – ұлттық бірегейлік. Қазіргі қоғамның рухани дамуында тарихымызды танытып, өткенге көз жүгіртудің маңызы зор. Биыл аталып өтілетін мерейтойлар да бар. Осы шаралардың бәрін өз деңгейінде, дұрыс бағытта ұйымдастыру ұлттық бірегейлігімізді айшықтай түседі.

 Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Сонымен қатар тарихшылардың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады”, – деді Мемлекет басшысы.

Мұның бәрі қоғамды біріктіретін, ұлттық бірегейлігімізді айқындайтын, өремізді жаңа деңгейге көтеру үшін қажетті шаралар. Тарихын таныған ел ғана болашаққа нақты қадам жасай алады. Бұған барша қоғам өкілдері мән беруі керек деп санаймын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты қоғам өмірінің әр саласын қамтыды. Өткен жылға қорытынды шығарылып, соңғы жылдардағы оқиғаларға баға берілді. Кез келген ел даму жолында өз бағытын, міндеттерін айқындап алып, соған сүйену керек. Бұның бәрін Мемлекет басшысы түгел шолып, ертеңгі қадамымыз қандай болу керектігін айтты.

Зәуре ҚАРТОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың тарих, экономика және құқық факультетінің деканы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp