«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көршілерінің мазасын алған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 2104 фактісі тіркелді. “102” телефонына келіп түсетін шақырту­лардың басым бөлігі пәтерлерді жалға алатын адамдардың кінәсінен туындайды.

Демалыс күндері қоңыраулар саны артады, полицейлер кейде бір түнде 10-12 факті бо­йынша шара қабылдайды.

Петропавлдағы ең шулы пәтерлердің екеуі Интернационал көшесінде болса, біреуі Мағжан Жұмабаев көшесінде орна­ласқан. Бір жыл ішінде көршілері поли­цияға 7-8 рет шағым түсіріпті. Бас­па­наларды жалдап тұрған маза­сыз тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, пәтерден шығарылған.

– Учаскелік полиция инспек­торлары пәтерлердің иелерімен тиісті жұмыстар жүргізді, оларға әкімшілік құқық бұзушы­лықтардың жасалуына себеп бо­латын жағдайлар мен шарттарды жою туралы ұсыныстар жібе­рілді. Облыс орталығында осын­дай ұсыныстарды елемеген пә­тер бюроларының бірінің жуыр­да әкімшісі жауапкершілікке тартылды. Жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы сағат 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері са­ғат 23:00-ден таңғы сағат 10:00-ге дейін тыныштықты бұз­ғаны үшін жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш көле­мінде айыппұл қарастырылған, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp