Қазақстанға оң жақ рөлді көліктерді әкелуге уақытша тыйым салынды. Тиісті бұйрық “Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі стандартты бақылау банкі” порталында жарияланды.
Бұйрық “Сауда қызметін реттеу туралы” Заңның 17 және 18-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес қабылданған.
2022 жылдың желтоқсанында сол жылдың 1 қыркүйегіне дейін шекарадан өткен оң рөлді шетелдік көліктер Қазақстанда тіркелетіні белгілі болды. Шетелдік көліктерді заңдастыру рәсімі биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін созылды.
Әсет ҚАНАФИН.