«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылша қалада өршіп тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі таңда облыста қы­зылшаға шалдыққандар саны 254-ке жетті. Жаңа жыл бас­талғалы бері өңірде 13 факті тіркелген. Науқастардың 85 па­йызы, яғни 215 дерек Петро­павлда, қалған жағдайлар өңір аудандарында анықталған.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департа­ментінің мәліметінше, қазіргі уа­қытта қызылша жұқтырған 32 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Олардың 9-ы ересек адам,  23-і бала.

– Өткен аптада 6 адам ауру­ха­наға жатқызылды. Бесеуінің диаг­нозы расталды. Амбулаторлық ем қабылдап жатқан 37 науқастың 15-і – бала мен жүкті әйел. Ауру жұқтырғандар үшін өңірде 181 төсек орын қарасты­рылған, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Облыста қызылшаға қарсы екпенің 25171 дозасы бар. Бүгіндері өңірде вакцина алу мақсатында 265 пункт қарастырылған.

“Qyzyljarnews.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp