2024 жылы қанша жарна төлейміз?
МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің (ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры болжау басқармасының басшысы Ақтолқын Сұлтанова төлеушілердің барлық санаттары бойынша түсініктеме берді. Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3 пайызы мөлшерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс …