«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2024 жылы қанша жарна төлейміз?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің (ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры болжау басқармасының басшысы Ақтолқын Сұлтанова төлеушілердің барлық санаттары бойынша түсініктеме берді.

Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3 пайызы мөл­шерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай са­йынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударым­дары­ның ең жоғары төленетін со­масы айына 25500 теңгені құ­рай­ды.

Бұл қаражат қызметкердің жа­лақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебі­нен төлейді.

Азаматтық-құқықтық сипатта­ғы шарт негізінде қызмет көрсе­те­тін жалдамалы жұмыскерлер мен жұмыскерлер МӘМС-ке ай са­йын­ғы табысының 2 пайызы мөл­ше­рінде жарна төлейді. Са­лық салу объектісі барлық жұмыс орын­дарынан айына 10 ЕТЖ (2024 жылы 850000 теңге) ас­пауы тиіс, яғни қызметкердің жалақы­­сына қарай, төлейтін ең жоға­ры жарна­сы 17000 теңге болуы мүмкін.

Ақтолқын Сұлтанова атап өт­кендей, жарналарды төлеу кезінде шекті табыс барлық жұмыс орындарына қарай ескеріледі. Мысалы, қызметкердің жалақы­сы 600000 теңгені құрайды делік. Соны­мен қатар шарт бойын­ша қызмет көрсетіп, қосымша 350000 теңге алады. Жалпы табыс 950000 теңге шегінде, яғни 10 ЕТЖ-дан асады. Бұл жағдайда қызметкердің бір жұмыс орнынан жарналар толық мөлшерде ұста­луы керек. Мысалы: 600000 * 2 пайыз = 12000 теңге. Ал екінші жұ­мыс орнында ең жоғары төлем­нен қалған бөлігі ғана ұсталады: 17000 теңге (ең жоғары төленетін жарна) – 12000 теңге (бірінші жұмыс орнынан төленген жарна) = 5000 теңге (екінші жұмыс орнынан жарна).

Екінші жұмыс беруші жарна мөлшерін дұрыс есептеуі үшін қызметкер оған аударылған жарналар туралы бірінші жұмыс ор­нынан анықтама беруі керек.

Жалақыдан ұсталатын бірыңғай төлем – бұл бірқатар салық тө­лемдерін есептеудің стандартты әдісіне балама. Жалақыдан ұста­латын қаржы мынадай бес тө­лемді біріктіреді:

міндетті зейнетақы жарналары;

әлеуметтік аударымдар;

МӘМС жарналары;

МӘМС-ке аударымдар;

жеке табыс салығы.

Бірыңғай төлемді жеңілдетіл­ген декларация және ауыл ша­руашылығы өнімдерін өндіруші­лерге арналған арнайы салық ре­жімі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнестің заңды тұлғасы пай­далануға рұқсат береді.

2024 жылы бірыңғай төлем мөл­шерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5 пайызын құрайды. Бірыңғай төлем ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен ке­шіктірмей Мемлекеттік корпора­цияның шотына бір төлеммен жүр­гізіледі.

Бірыңғай жиынтық төлем кәсіпкерлік қызметті ЖК ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын бей­ресми жұмыспен қамтылған аза­маттар үшін уақытша 5 жылға (2019 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) енгізілді. Тиісінше, биылғы жылы БЖТ бол­майды. Сондықтан өзін-өзі жұ­мыспен қамтығандар мәртебені екі жолмен ала алады:

– жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды ЖК ретінде төлеу;

– жарналарды дербес төлеу­ші ретінде төлеу.

Қазақстандағы МӘМС жүйесі әлеуметтік бағдарланғандықтан, мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін жарна­лар­ды төлеуді жалғастыруда. 2024 жылы мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды (мем­лекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы, яғни мем­лекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының ал­дындағы екі жылға дейінгі орташа айлық жалақы).

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған­дар, жеке кәсіпкерлер, дербес тө­леушілер жарналарды екінші дең­гейдегі банктің кез келген бөлім­шесі, “Қазпошта” АҚ, “Kaspi.kz”, “Ha­lykBank” мобильді қосымша­лары арқылы, сонымен бірге “Кас­са 24” және “Qiwi” әмиян, өзі­не-өзі қыз­мет көрсету терминал­дары арқы­лы аударады.

Мыналарға назар аудару керек:

– төлеушінің ЖСН және ТАӘ дұрыс көрсету;

– төлем жасап, 2-3 жұмыс күні­нен кейін МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру, мәртебе берілмесе, төлемдегі деректерді жаңадан тексеру.

– жеке кәсіпкерлер назарына: салық органдарына есептілікті дайындау және тапсыру;

– өз қызметкерлерін төлем жасалғаны туралы хабарлау.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp