«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Талап күшейтілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көлік министрлігі шетелдік рұқсат бланкілерін заңсыз жол­мен қайта сатып жүргендерге қарсы шараларды барынша күшейтеді. Бұл туралы халықаралық автокөлік тасымалы бойын­ша кеңейтілген кеңесте айтылды.

Басқосу барысында кәсіпкер­лер­ге, сарап­шыларға және сала­лық қауымдас­тықтардың (Kazlo­gistics, KazATO) және “Атамекен” өкілдеріне қазақстандық та­сымалдаушылар арасында ше­телдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібі мұқият таныстырылды.

Тақырыпты талқылау аясында ҚАТТК төрағасы Алтай Әлі нарық қатысушыларын Кө­лік министрінің “Қазақстан Рес­пуб­лика­сы Инвестициялар және даму ми­нистрі міндетін атқа­ру­шысының Шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа те­тігін қамтитын “Қазақстан Рес­пуб­ликасында халық­аралық қатынас­та автомобиль көлігімен тасымалдауға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидала­рын бекіту туралы” жобасын қарастыруды ұсынды.

Дайындалған құжатта мемле­кеттік орган рұқсат бланкілерін тарату жүйесіндегі еркін бәсеке­ні қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қа­зақстанда шағын және орта биз­несті дамытуды шек­тей­тін, яғни, көлеңкелі нарық­та бланкі­лердің жасанды тапшы­лығын туғызатын мәселелерді толық жояды және оларды қайта сатуға мүмкіндік бермейді.

Шарттың әр тармағына назар сал­сақ, көлік құралдарының та­сымалдау тарихы мен қызметіне шектеулерді алып тастауды, бел­гі­лі бір тапсырыс болған жағ­­дай­да кез келген отандық тасы­мал­даушыға бланкілерді беру­ді, бланкілерді көлеңкелі нарық­та қайта сатудың барлық алғышарт­тарын жоюды, бланкілерді беру туралы шешімдер қабылдау үде­рістерінен көліктік бақылау инс­пекцияларын алып тастауды, сон­дай-ақ, бланкілерді пайдалануды қашықтықтан бақылауды енгізу көзделген.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp