«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды іскерлік байланыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздегі ірі кәсіпорындар­дың бірі саналатын “Петро­павл ауыр машина жасау” за­уыты мұ­най және газ саласы жабдық­тарын шығаруға ма­ман­данған. Өнім сапасы EN ISO 9001-2008 ха­лықаралық стан­дарттар тала­бы­на толық жа­уап береді.

Соңғы жылдары мұнда ас­панасты елінің кәсіпкерлері­мен бірлесіп, жаңа жобалар жү­зеге асырылып келеді. Соның бірі – ұшқышсыз ұшу аппарат­та­рын өндіру бойынша қоста­раптық ынтымақтастық мемо­рандумы­на қол қойылып, жаңа буын дрондардың құрас­ты­рылуы. Ұшқышсыз ап­парат­тар­дың техникалық мүм­кіндік­тері өте мол, оларды әр­түрлі са­­лаларда пайдалануға бола­ды. Ең бастысы, жоғары дәл­дікке ие. Жаңа техно­логиялық ізде­ністер одан әрі жетілді­ріліп, же­келеген бөл­шектерді жергілікті өндіріс ор­нында жасау жоспар­ланған.

Сонымен қатар дрондарды басқару орталығы бар командалық пункт та толығымен осында жасақталады, яғни, ол жақта білімдерін толықтырып келген мамандар мен инженерлер топтасқан конструкторлар бюросы жұмыс істейтін болады. Осылайша ұшқышсыз ұшу аппараттарының алғашқы үлгілері бірлесіп шығарылса, келешекте дербес құрастыру белгіленген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары қазақ-қытай қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерудің зор әлеуетін ашып берді. Президент: “Мемлекеттеріміз арасындағы сауда-саттық табысты дамып келеді. Айтарлықтай өсім бар. Инвестицияның көлемі 21 млрд. доллар болатын 52  бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр”, – дей келіп, мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік-транзит салалары бойынша да берік стратегиялық серіктестік қалыптасатынына сенім білдірген болатын. 

Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас директоры Арман Құлмағамбетовтің жуырдағы Қытайға жұмыс сапары мұнай-газ өнімдерінің кең спектрін өндіруді бірлесіп дамытуға арналды.  Серіктестермен өткен кездесулерде инвестициялық бағдарламаларды іске қосудың маңыздылығы, іскерлік байланыстарды тереңдетуге деген мүдделілік атап өтілді.

Сондай-ақ зауыттың инженерлік-техникалық қызметкерлерін серіктестіктердің есебінен оқыту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp