Петропавлдағы шағынаудандардың бірінде су құбыры істен шықты. Соның салдарынан бірнеше үй мен басқа да нысандар сусыз қалды. “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, таңғы сағат төрт шамасында Н.Болатбаев көшесі, 22/1 мекен-жайындағы су құбыры істен шыққан.
“Аққан суды тоқтату бойынша жұмыстар таңғы 6:30-да аяқталды. Осы уақытта 21 нысан сусыз қалды”, – деп нақтылады “Қызылжар су” ЖШС-ның баспасөз хатшысы Аида Сақтағанова.
Бірнеше сағат бойы 14 көпқабатты үй, өрт сөндіру бөлімі, мектеп, балабақша, супермаркет, мейрамхана, және базар сусыз отырды. Қазіргі уақытта учаскені механикаландырылған тазалау және құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізілуде.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.