«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маман тұрақтамайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департа­мен­ті өткен жылы атқарған жұмыс­тарын қорытындылап, мемле­кет­тік қызмет ту­ра­лы заңнама­дағы жаңашылдықтарды түсін­дірді. Семинарға аудандар, Пет­ро­павл қаласы әкімдері аппарат­тарының, мәслихаттардың пер­соналды басқару қызметтері­нің, тексеру комиссиясының бас­шылары қатысты.

Департамент басшысы Ду­лат Тайшабай өңірлік кадр ре­зервіне алдағы іріктеу және мем­лекеттік қызметке жас кадр­ларды тарту туралы баян­дады. Ал Қазақстан Рес­публикасы Президенті жанын­да­ғы Мемле­кеттік басқару ака­демиясы филиалының дирек­торы Лаура Қайыржанова мем­лекеттік қызметшілерді оқыту модуль­дері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сөз ара­сын­да мемлекеттік органдар қыз­ме­тінің бейініне және қызмет­ші­лердің функционалдық міндет­те­ріне сәйкес оқыту тақырыпта­рын таңдау қажет деген ұсыны­сын айтты.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департа­мент­і мемлекеттік қызмет бас­қармасының басшысы Гүлнәр Жусалина мемлекеттік қызмет саласындағы стратегиялық мақ­саттар мен міндеттерді іске асы­ру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы ор­гандарда меритократия дең­гейі 80,6 пайызды құрайды. Бұл – жоғары көр­сеткіш. Бүгінгі таңда мемле­кеттік органдар­дың кадр қыз­мет­тері құжатта­масын “Е-қызмет” ықпалдас­тырылған ақпа­раттық жүйесіне форматқа көшіру бойынша жұ­мыс жалғасып жатыр. Жүйе еліміздегі мемлекеттік қыз­меттің кадрлық әлеуетін арт­тырады. Алайда электрондық форматқа көшіру үдерісінде кемшіліктер де жоқ емес. Осы ретте бірқатар олқылықтарға баса назар аударылды.

Жергілікті атқарушы орган­дар­дағы кадрлық тұрақтылық­ – өзекті мәселе. Мем­ле­кеттік қызмет басқармасы­ның бас маманы Гүлнәр Сәр­сем­бае­ваның айтуынша, кадр­лардың ауысуы 3,4 пайызды құрайды. Яғни мемлекеттік қызмет жүйе­сінде кадрлардың тұрақсыз­дығы байқалады. Көбіне басқа мемлекеттік лауазымдарға та­ғайында­луына, басқа саланы таңдауы­на және тағы басқа себептерге байланысты жұмыс орындарын ауыстырады екен.

Семинарда өткен жылдың наурызынан бастап Мемле­кет­тік қызмет істері агенттігінде, Сауда және интеграция ми­нистр­лігінде, Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нистрлігінде, Ақмола облысы­ның әкімдігінде және Шымкент қаласында жұмыс істей бас­таған мемлекеттік қызметке іріктеудің уақытша ережелері туралы баяндалды. Үміткер конкурстық іріктеудің әңгімеле­суден басқа кезеңдерін 24/7 режімінде “online” өтеді. Бұл да – мемлекеттік қызметте еңбек еткісі келетіндерге жа­салған жағдай.

Шара соңында айтылған мә­селелерге қатысты ұсыныстар қабылданып, кездесуге қатысу­шылардың сұрақтары бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыста­ры жүргізілді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp