«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Таптырмас мүмкіндік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі Ұлттық бірыңғай тесті­леуге дайындықты одан әрі жақ­сарту мақсатында бірқатар жо­баны жүзеге асыруда. Оқу жы­лының басында Ұлттық тестілеу орталығының сайтында ҰБТ-ға дайындалуға ұсынылған оқу­лық­тар тізімі, үлгілік тест тап­сыр­малары, тест специфика­циялары және жоспары жария­ланды.

Талапкерлерге жылдағы дәс­түр бойынша Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндері­нен Тарих институтымен бірле­сіп бекітілген тізім ұсы­нылды. Тестілеу барысында кездесетін сұрақ­тар тек осы хронологиялық кес­те­де болады.

ҰБТ-да қазақ әдебиеті мен орыс әдебиеті пәндерінен кезде­се­тін шығармалар тізімі (мек­теп бағдарламасынан), сондай-ақ информатикадан ҰБТ сұрақтарында кездесетін немесе сұ­рақтың мазмұнын түсіну үшін қа­жет терминдер тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылды.

“Талапкерлерге тиімді болу үшін ҰБТ-ға дайындалуға арнал­ған байқау сынақтарын іске қос­тық. Байқау сынағын өту кезінде үміткер тест тапсырмаларымен танысуға және таңдаған пәндері бойынша өзінің білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алады. Ме­нің ойымша, бұл балаларға өз дайындықтарын одан әрі жақ­сартуға көмектеседі”, – дейді Ұлттық тестілеу орталығының дирек­торы Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар 2024 жылғы түлектер үшін білім беру орта­лықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар жүргізіліп жа­тыр. Бұл сабақтар білім беру ор­талықтарының “YouTube” арналарында тікелей эфирде өтеді. Оқушылар кез келген уақытта оларды қайта қарай алады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp