«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Теріскейдегі түйінді мәселелер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Парламент Мәжілісіндегі Қа­зақстан халық партиясы фракция­сының жетекшісі Магеррам Магеррамов өңірді аралаған бірнеше күндік жұмыс сапары­нан кейін Үкімет басшысы Әли­хан Смайыловтың атына депу­таттық сауал жолдады. Онда Сол­түстік Қазақстан облы­сын­да орын алып отырған бірнеше түйінді проблемалар аталды.

Халық қалаулысы жергілікті әлеуметтік-экономикалық жағ­дайды сауықтыру жөніндегі, оның ішінде ауылдық жерлер­ден х­алықтың кетпеуіне ықпал ете­тін шұғыл шараларға көшу қа­жеттігіне тоқталды.

“Қазақстан халық партия­сы­ның депутаттары атынан қатал климаттық жағдайда өмір сүріп жатқан теріскей тұрғындары жә­не қоныс аударушылар үшін то­лыққанды әлеуметтік жағдайлар жасауды ұсынамын. Атап айтқанда, арнайы “солтүстік” үстемеақысын, субси­дия­лар, жеңілдіктер, префе­рен­циялар және тағы басқа қолдау жүйесін ойластыру ке­рек. Онсыз сол­түстік өңірлердің то­лық­қанды дамуына қол жет­кізу мүмкін емес. Маңыздыла­ры­ның бірі – газдандыру. Қос­танай об­лы­сында елді мекен­дер­дің тек 18 пайызы ғана газ­дандырыл­ған. Ал Солтүстік Қа­зақстан об­лысында табиғи газ мүлдем жоқ. Бұл қадам сол­түс­тік аймақ­тарды инвесторларға және жал­пы өмір сүру үшін эко­номикалық тұрғыдан тартымды етеді”, – деді Магеррам Ма­геррамов.

Депутат сапалы ауызсудың тапшылығын да сөз етті. Оның айтуынша, өңірде өзендер мен көлдердің, жер асты суларының молдығына қарамастан сумен жабдықтау түйткілі то­лыққанды шешілер емес. Сон­дай-ақ се­лек­цияға, фито және эпизоо­тия­лық, азық-түлік қауіп­сіз­дігіне қатысты байыпты шешім керек. Өңірде бруцеллез және басқа да қауіпті мал ауруларының жиілегені байқалады.

“Ветеринариялық қызметке көзқарасты түбегейлі өзгерт­пе­йінше оны дамыту өте қиын. Біз көптеген аудандар мен ауыл­дар­ды араладық, тұрғындар адам өмірі мен денсаулығына, ең алдымен, балаларға қауіп төн­діретін қаңғыбас иттер мәселесін жедел шешуді өтінді”, – делінген депутаттық сауалда.

Халық қалаулысы жолдар­дың жай-күйін де назардан тыс қалдырмады. Жолдарды салу мен жөндеуге қатысты тәсілді өзгерту қажет. Қазір жолдарды басқару құқығын аудан, облыс, республика иеленеді. Ауыр тех­никалар мен салмақты жүктер сал­дарынан жергілікті жолдар­ға үлкен нұқ­сан келеді. Сон­дықтан таразы станцияларын орнату қажет. Бұл міндетті об­лыстық әкімдік өз есебіне алуға әзір. Жол ере­желерін қадаға­лайтын қатаң та­лаптар енгізу керек. Бұл сала­дағы мердігер кәсіпорын­дар­дың жауапкер­шілігін арттырмай болмайды. Жол төсемінің қыз­мет ету мер­зімін 2 жылдан 10 жылға дейін ұзартуға болады.

Қазақстан халық партиясы фракциясының басшысы үкі­меттің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды және де­путаттық сауалдың әрбір тар­мағы бойынша толық жауап беруді өтінген.

Халық қалаулысы бұған де­йін Петропавл халықаралық әуе­жайының жай-күйін және “Оң­түс­тіктен-Солтүстікке” мемле­кеттік бағдарламасы аясында қо­ныстандыру мәселесін де көтер­ген болатын.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp