«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘУЕКЕЛ ТОБЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департа­мен­­тінің мобильді тобы соңғы төрт айда ба­лалары бар 1117 отбасын тексерді.

Мамандар Петропавлдағы жеке үйлердің біріне дәрігер­лердің ақпараты бойынша бар­ған. Мұнда кішкентай бала тұра­ды, ол ақхалаттылардың көмегіне мұқтаж. Шақырса да дәрігер­дің қа­былдауына келмепті. Мұ­ның себебі 24 жастағы анасының алкогольді шектен тыс пайдала­нуы­на байланысты болуы мүм­кін. Мобильді топ мүшелері олардың үй-жағдайларын тек­серді. Отбасы бақылауға алынды, кә­мелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қарау туралы мәселе шешілуде.

– Учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция және әйел­дерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері мүдделі органдармен бірле­сіп, тәуекел тобына жататын от­басыларды бақылауда ұстайды. Денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлерінің ақпараты мұқият тексеріледі. Анықталған отбасылар бақылауға алынады, егер олар аз қамтылған деп танылса, тиісті органдар оларға қолдау көрсетеді, – деді облыс­тық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Жақында Қызылжар ауда­нындағы көпбалалы отбасыға полиция мен ауылдық округ әкімдігі же­дел материалдық қолдау көрсетіп, ерлі-зайыптының жұмысқа ор­наласуына көмектесті. Бұл – мем­лекеттік органдардың адамдардың әл-ауқатын көтеру бағытын­да қолға алған өзара іс-қимылының тағы бір мысалы.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департементі ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp