«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірге жұмыс сапарымен елі­міздегі Еуропалық Одақ өкілдігінің жобалық үйлестіру­шісі Снежана Попова келді. Ол алдымен Қызылжар ауданының орталығына барды. Себебі был­тыр одақтың қолдауымен Бес­көл ауылында 5 жоба іске асы­рылды. Оның үшеуі – әлеумет­тік, қалғаны – бизнес бағытын­да. Әрбір бастамаға 4 мың евро көлемінде қаржы бөлінді. Одақ­тың басты талабы – бер­ген гранттың игілігін ел көруі тиіс.

Мәселен, Зульфия Тухвату­лина Еуропалық Одақтың 4 мың евро көлеміндегі грантын ұтып алып, ойындағысын жүзеге асыр­ған. Ол әлеуметтік жоба ая­сында Бескөл ауылының орта­сында екі демалатын орын жасаған. Ал “Сұлтанғазин” жеке кәсіпкерлігінің 2 млн. 850 мың теңге көлеміндегі гранттың арқасында саудаға шығара­тын нанының көлемі артқан. Қа­зір­гі таңда 13 адам­ды жұмыспен қамтып отыр. Әзір­ге нан Бескөл ауылында ға­на сатылады. Алдағы уақытта өз­ге ауылдарға жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұдан кейін делегация мүм­кіндігі шектеулі жандарға ар­нал­ған демалыс орталығына бар­ды. Былтыр ашылған орта­лықта 20-ға жуық спорт түрімен айналысуға болады. Жеке кә­сіпкер Марат Нубаевтың ай­туын­­ша, орталыққа 50-ге жуық адам келіп жүр. Олар дойбы, тоғыз­құмалақ сынды үстел ойын­да­рын қызыға ойнайды. Көз жана­рынан айрылған жан­дардың үс­тел теннисіне деген қызығушылы­ғы зор.

– Біздің мақсатымыз – жер­гілікті қоғамдастықты жинау және өзекті мәселелерді анық­тап, талқылау. Өңірдегі жоба­лар­ды жүзеге асыруға екі үкі­меттік емес ұйым тартылды. Бұл – “Интеграл­дық Астана” және “Соңғы үміт”. Іске асырылған бастамалар кө­ңілімнен шықты, – деді Еуро­палық Одақ өкілдігінің жобалық үйлестірушісі Снежана Попова.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp