«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбектері ерен, абыройлары асқақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қай кезде де жастар­дың үлгі тұтып, бой тү­зей­тіні алдыңғы толқын екені анық. Жастарымыз­дың еңбекқор, білімді, та­банды, іскер болып қа­лып­тасуында аға буынның алар орны зор.

Ұрпақтар арасындағы диа­лог­­ты нығайтып, еңбек арда­гер­лері­нің өмірін үлгі ету мақ­са­тында Сә­бит Мұқанов атын­дағы облыстық ғылыми-әмбе­бап кітапханада об­лыстық ар­да­герлер кеңесінің ұйым­дас­тыруымен “Әділетті Қа­зақстан – адал азамат” атты кез­десу өтті.

Ғұмырын өңірдің дамуына арна­ған ардагерлердің бірі – Ер­саин Сем­бин. Ол Омбы ауыл шаруашылығы технику­мын та­мамдаған. Еңбек жолын 1973 жылы Мағ­жан Жұмабаев ауданында тәртіп сақшысы болып бастай­ды. Кейін учас­келік инспектор, аға инспектор болып еңбек еткен. Ел тыныш­тығын қорғау­ды өмірлік мақса­ты еткен Ер­саин Ғаббасұлы­ның марапаттары да аз емес. Бүгінде оның ұлы да әке жо­лын қуып, осы салада жұмыс істеп келе­ді. Жиын барысында облыстық полиция департа­менті жанын­дағы ардагерлер ұйымының төрағасы Ақан Сыз­дықов сөз алып, жылы лебізін білдірді. Денсаулық сақтау, мә­дениет салаларының өкілдері де ор­та­ға шығып, құттықтаула­рын айт­ты.

– Халқымызда “жаңбырменен жер көгерер, еңбекпе­нен ел көгерер” деген ұлағатты сөз бар. Осы нақылды бүгінгі күн тұрғысынан пайымдасақ, Тә­уелсіз Қазақстанды еңбегі­мен көркейтіп, ел дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарының мәртебесі қоғамда биік тұруы тиіс. Облыстық ар­да­­герлер кеңесінің “Шын кө­ңілден” атты әлеуметтік-мә­де­ни жобасы аясында әр са­лада ең­бек етіп, ел құрметіне бөлен­ген абзал жандарға құрмет көр­сетіп, жылы лебізімізді арна­уы­мыз осы игі мақсатты көз­дей­ді. Олар өз еңбектерімен мақ­танбайды. Алайда қоғам олар жайлы білуі керек. Әсіре­се, ертеңгі қоғамды құратын жас­тарымыздың осындай ең­бек адамдарынан өнеге алға­ны жөн. Олар өз өмірлері арқы­лы адамгершілік пен еңбекқор­лықтың үлгісін көрсетті, – деді ша­раны қорытындылаған об­лыс­тық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Самат БАЙҒАЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp