«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құбыр жарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы шағынау­дан­дардың бірінде су құбыры іс­тен шықты. Соның салдары­нан бірнеше үй мен басқа да нысандар сусыз қалды. “Қызылжар су” жауапкер­шілігі шектеулі серік­тестігінің баспасөз қызметі ха­барлаған­дай, таңғы сағат төрт шамасын­да Н.Болатбаев көшесі, 22/1 ме­кен-жайындағы су құбыры істен шыққан.

“Аққан суды тоқтату бойын­ша жұмыстар таңғы 6:30-да аяқ­талды. Осы уақытта 21 нысан су­сыз қалды”, – деп нақтылады “Қы­зылжар су” ЖШС-ның баспа­сөз хатшысы Аида Сақтағанова.

Бірнеше сағат бойы 14 көп­қабатты үй, өрт сөндіру бөлімі, мектеп, балабақша, супер­мар­кет, мейрамхана, және ба­зар сусыз отырды. Қазіргі уа­қыт­та учаскені механикаландырылған тазалау және құм-тұз қоспа­сын себу жұмыстары жүргізі­луде.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp