Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық жедел медициналық көмек орталығында болып, ұжыммен кездесті.
Call-орталық өңір тұрғындарынан күніне 500-ден астам шақыру қабылдап, шұғыл фельдшерлік көмектер көрсетіледі. Жедел көмек қызметкерлері небір қиындықтармен бетпе-бет келіп, адам өміріне араша түсіп жүр.
Жедел медициналық орталық орналасқан ғимарат осыдан 120 жыл бұрын салынған. Арнайы көлік қоятын орын да жетіспейді.
“Ұжым уақытпен санаспастан өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Сондықтан оларға барынша қолайлы жағдай жасау керек. Қазіргі орталық орналасқан ғимарат талапқа сай емес. Мәселені шешу үшін бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр. Мамандардың пікірін ескере отыра нақты шешім қабылданады”, – деп жазды әлеуметтік желідегі ресми парақшасына Ғауез Торсанұлы.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.