«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒИМАРАТ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық жедел медициналық көмек орталығында болып, ұжыммен кездесті.

Call-орталық өңір тұр­ғындарынан күніне 500-ден астам шақыру қабылдап, шұғыл фельд­шерлік көмектер көрсетіледі. Жедел көмек қызметкерлері небір қиындықтармен бетпе-бет келіп, адам өміріне араша түсіп жүр.

Жедел медициналық орталық орналасқан ғимарат осыдан 120 жыл бұрын салынған. Арнайы кө­лік қоятын орын да жетіспейді.

“Ұжым уақытпен санаспастан өз міндеттерін абыроймен атқа­рып келеді. Сондықтан оларға ба­рынша қолайлы жағдай жасау ке­рек. Қазіргі орталық орналасқан ғи­марат талапқа сай емес. Мәселені шешу үшін бірнеше нұсқа қа­рас­тырылып жатыр. Мамандардың пі­кі­рін ескере отыра нақты шешім қа­былданады”, – деп жазды әлеу­меттік желідегі ресми парақша­сына Ғауез Торсанұлы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp