«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақша-несие саясатындағы өзгеріс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық банк базалық пайыз­дық мөлшерлемені осымен қата­рынан төртінші рет төмендетіп, ақ­ша-несие саясатын жұмсарту­ға ниетті екенін аңғартқандай. Мөлшерлеме 15,75 пайыздан 15,25 пайызға түсірілді. 2022 жыл­­дан басталған 16,75 пайыз деңгейіндегі қатаң мөлшерлеме 8 ай бойы салтанат құрды. Оның дәуірі 2023 жылдың тамызында тамам болып, 16,50 пайызға тө­мендетілді. Одан кейінгі, қазан­дағы отырыста мөлшерлеме 16,00 пайыз болып бекітілді. Қа­рашада 15,75 пайызға төмен­дету туралы шешім қабылдан­ды. Енді міне, тағы да төменде­тілгелі отыр.

Бәлкім, былтыр жыл бойы жүр­­­­гізілген қатаң монетарлық сая­­­саттың жемісі шығар, 21,3 па­йызға дейін шарықтап кеткен ин­фля­ция деңгейі баяулап, 2023 жыл­дың желтоқсанында 9,8 па­йыз болды. Сөйтіп, көптен күткен бір таңбалы мәнге де жет­тік. Әрі бұл Ұлттық банк болжа­мы­на да сәй­кес келе­ді. Баға өсі­мінің баяу­лауы жүр­гізіліп жатқан ақша-кре­дит саясатына, азық-түліктің әлемдік баға­сы­ның және өндіріс шығын­да­ры­ның төмен­деуіне, би­ліктің инфля­цияға қарсы шара­ларына, сон­дай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты.

Ұлттық банк мәліметінше, ба­залық жә­не мау­сымдық фак­тор­ларды ес­кермейтін инфляция көрсеткіш­тері бірнеше ай бойы тұ­рақты болып отыр. Бұл ретте олар әлі де белгіленген таргет­тен жоға­ры. Жалпы инфляцияны 5 пайызға дейін сенімді түрде тө­мендету үшін 2025-2026 жылда­ры оның орнықты бөлігін одан әрі баяу­лату – басты міндет. Қаржы қа­да­ғалаушысы ха­лықтың ин­фля­­ция­лық күтулері де бір­шама тө­мендейтінін айтады. Алайда кү­ту­лер әлі де тұрақсыз және олар­ға та­­мақ өнімдері мен жа­нар-жа­ғар­май баға­сы­ның өсуі әсер еткен.

“Экономика ішіндегі тәуекел­дер орнықты тұтынушылық сұ­ранысқа, фискалдық ынталан­дыруға, жоғары инфляциялық кү­тулерге және реттелетін баға­лар­дағы реформалардың аяқ­талмауына бай­ланыс­ты. Сыртқы ортада Ресейдегі инф­ля­­­цияның жеделдеуіне байланысты тәуе­­келдер байқалады. Осындай жағ­дайларда біз бұған дейін айтыл­ған риторикаға сәйкес әрекет ете­міз. Қатаң ақша-кредит шарт­тары ұстамды қалпында. Бұл ин­фляцияның ор­нықты түрде тө­мендеуін қамтамасыз етіп, орта­мерзімді келешекте инфляция­ны 5 пайызы мақсатқа жуық тұрақ­тан­­дыру үшін қажет”, – дейді Ұлттық банк төраға­сы Тимур Сү­лей­менов.

Шешім қабылдауға үш негізгі фактор түрткі болған. Оның бі­ріншісі – инфляция және инфля­циялық күтулер динамикасы. 2023 жылдың қорытындысы бо­йынша жылдық инфляцияның 9,8 пайыз болуына түрлі сала­дағы өн­ді­рушілер бағасының өсу тұр­ғы­сынан баяулағаны және өткен жылғы жоғары базаның ықпалы болды. 2023 жылдың қо­рытындысы бойынша алдағы бір жылда күтілетін инфляция­ның медианалық көрсеткіші бір­шама төмендеп, 16,4 пайызды құ­раған.

Екінші себеп – ішкі экономи­ка­дағы үрдістер. 2023 жылы эко­номиканың өсуі қысқа мерзімді экономикалық индикатор негізін­де 5,1 пайызға бағалануда, бұл Ұлттық банк болжамына сәйкес келеді.

Үшінші себеп – сыртқы эконо­микалық конъюнктура. Сыртқы сек­торда инфляциялық қысым­ның әлсіреуі жалғасуда. Көпте­ген орталық банк­тер­дің тежеуші ақша-кредит саясаты нәтижесін­де әлемдегі инфляция баяу­ла­ғанмен, көптеген елде әлі де тар­­геттен жоғары. Осыған байла­ныс­­ты орталық банктердің көбі ұзақ уа­қыт бойы мөлшерлеме­лер­ді жоғары деңгейде сақтау қа­жет деп келісіп кел­ді. Қазақстан­ның негізгі сауда-се­ріктесі – Ре­сейдегі инфляцияның ди­на­­микасы ерекше назар аударуды қа­жет етеді. Онда көрсеткіш 7,4 па­йызды құ­рап, ішкі сұраныстың тез өсуіне және ин­фляциялық кү­тулердің жоғарылауына себеп бол­ды. Осының барлығы ақша-кредит саясатын одан әрі қатаң­датуды талап етті. Өткен жыл­дың соңында олар негізгі мөл­шерлемені 16 пайызға дейін кө­тер­ді.

Еуроодақта Еуропа Орталық Банкінің те­жеу саясаты жағ­да­йында инфля­ция­ның баяулау үр­дісі байқалады – 3,1 пайыз. Де­ген­­мен 2 пайыз таргетке 2026 жы­лы ғана қол жеткізу мүмкін де­ген болжам бар. Яғни жоғары па­йыз­дық мөлшерлемелер ұзақ уа­қыт бойы сақталады деп күтіледі.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp