«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Сарыарқадан” ұтылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі жалғасуда. Өткен демалыс күндері чемпионат аясында “Құлагер” клубы өз айдынында “Сарыарқа” командасымен кездесті. Бұл ойында жерлестеріміз ұтылып қалды.

Ойын басталысымен айдын иелері шайба өткізіп алды. “Сарыарқа” сапынан нәтижелі соққыны Тимур Шингареев жасады. Көп ұзамай “Құлагер” ойыншысы Виталий Шульга есепті теңестіріп, бірінші кезеңде 1:1 есебімен аяқталған.

Екінші бөлімде қос команда да тартысты ойын көрсетуге тырысты. Десе де қарағандылықтар дегеніне жетіп, Евгений Григоренко “Сарыарқа” клубына жеңіс сыйлады. Үшінші кезеңде бірде-бір ұжым қақпаға шайба дарыта алмады. Қорытынды есеп – 1:2. Жеңіс Қарағандыдан келген команданың еншісінде.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp