«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Онлайн кітапхана

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздегі мектептерде кі­тапхана қорының толық циклдерін қамтамасыз ете­тін “Qazaq mura” жүйесі іске қосылды. Бірегей жоба оқу­шылардың кітап оқу дағды­сын қалыптастыруға мүм­кін­дік береді.

“Qazaq mura” əсіресе көркем əдебиет қоры аз аймақтардағы кітапханаларға үлкен сый болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “Қазір еліміздегі мек­теп кітапханаларында 130 мил­лионнан аса кітап бар. Бірақ он­дағы көркем əдебиеттің үлесі мар­дымсыз. Шын мəнінде, кітап оқи­тын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштар­лығын оятуымыз керек”, – деп “Ба­лалар кітапханасы” жобасын жү­зеге асыруды тапсырған болатын.

Платформа осы бастаманың аясында Ұлттық кітап палатасы­мен интеграцияланып іске асып отыр. Ол ауқымды кітап қорына тегін əрі шектеусіз қол жеткізуге мүм­кіндік беріп қана қоймай, барлық мектептен ақпарат жинап, нақты деректі де ұсынады. Білім беру мен цифрлық инновация­ларды дамытудағы жаңа қадам отандық бағдарламашылардың арқасында жүзеге асып жатыр. Платформаны əзірлеушілер тобының жетекшісі Мұқатай Мəліктің айтуынша, цифрлық кітапхана жүйесін дайындауға үш жылдан аса уақыт жұмсалған.

– Кітапхана саласын цифр­ландыру – қазіргі білім берудегі за­манауи бағыт. Бүгінгі таңда елі­мізде кітапхана қоры туралы то­лық ақпарат жоқ. Сондықтан ел­іміздегі мектеп кітапханаларының жұмысын цифрландыру мен авто­маттандыруға байланысты бірқа­тар іс-шараны іске асыру қолға алынды. Яғни кітапханашылар ғана емес, оқырмандар, баспалар жəне білім басқармасы мен ми­нистрлік өкілдері де жүйеге қосы­ла алады. Платформа кітапхана ақпаратына негізделген құжат ай­налымы жұмысын оңтайлан­ды­рып, кітапхана қорын басқаруға мүмкіндік береді, – деді жоба ав­торы.

Жаңа жүйе кітапханашылар­дың жұмысын автоматтандырып қана қоймай, “Oqu” мобильдік қо­сымшасын ұсынады. Ол оқушы­ларға əлемдік классиканы түпнұс­қада ғана емес, сонымен қатар қа­зақ тілінде де тегін оқуға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада əр оқу­шы кез келген кітапқа тапсырыс беріп, оның қорда бар-жоғын да тек­сере алады. “Qazaq mura” цифр­лық кітапханасы қалалар мен ауылдардағы кітапхана инфрақұ­рылымының жетілмеген мəселеле­рін шешуге бағытталған.

Нəтижесінде, кітапхана қоры­ның айналымындағы кітаптардың барлығының электронды нұсқасы қолжетімді болады. Бұл – өскелең ұрпақты кітап оқуға ынталандырып, мəдени мұраның сақталуы­на да септігін тигізбек. Бүгінде бұл жүйеге Алматының бірқатар мектебі қосылып үлгерген. Цифр­ландыру жобасы енді еліміздің бас­қа да аймақтарын қамтымақ.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp