«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сапасы төмен болса да сатып алуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылғы қолайсыз ауа райы диқандарды қыспақ­қа алға­ны белгілі. Жаз бойғы құрғақшы­лық, күзде то­лас­сыз себелеген жауын шаруаларды шығынға ба­тырды. Сол кез­де үкімет ауа ра­йы­ның қолайсыздығынан зардап шеккендерге қолдау шаралары болатындығын айтқан- тұғын. “Азық-түлік келісімшарт корпора­циясы” 4-ші, 5-ші сы­ныпты және сыныпсыз бидайды тікелей сатып алуды бастады. Астықты тапсырып, төлемдерін алып үлгерген серіктестіктердің бірі – “Әлти Гарант” пен “Токуши Grain”.

– 4-сыныпты бидайдың тон­на­сын 105 мың теңгеден тапсыр­дық. Көктем келе жатыр, оған ты­ңайтқыштар, қосалқы бөшектер аламыз. Нарықта 4-сыныптағы би­дайға 80 мың теңге беріп жат­са, 105 мың теңге – шаруа­шылықтарға үлкен көмек. 800 тон­на тапсырдық, – дейді “Токуши Grain” ЖШС-ның басшысы Жо­март Омаров.

Тәжірибелі кәсіпкер Жомарт Омаров ауыл шаруашылығы та­уа­рын өндірушілер үшін мемле­кеттік қолдау маңызды екенін атап өтті. Себебі шаруалар қиналған кезде “Азық-түлік келісімшарт кор­­порациясы” зор қолдау көр­сет­кенін жеткізді.

Бүгінгі таңда 4-сыныпты би­дай­дың тоннасын 105 мың, 5-сы­ныптыны 70-90 мың теңге аралы­ғында алып жатыр. Сыныпсыз дәнді дақылдың құны сапасына қарай өзгереді. Облыс бойынша квота – 95 мың тонна. Бидай кор­порация­ның 21 элева­торында сатып алынады.

– Қазіргі уақытта 4-сыныпты би­дайды сатып алуды тоқтаттық. Себебі жоспарды орындадық. Ен­ді 5-сыныпты және сыныпсыз ас­тық­ты қабылдап жатырмыз. Өнім­ді өткізу үшін тиісті құжаттар керек. Алдағы уақытта бұл би­дайды Қытайға саудалауды жос­парлап отырмыз. Олармен ке­ліссөздер жүргізіліп жатыр. Сон­дай-ақ өнімді өңіріміздегі құс фаб­рикаларына және мал шаруашы­лы­ғымен айналысатындарға сат­пақ­шымыз, – деді “Азық-түлік ке­лісім шарт корпорациясы” ҰК” АҚ облыстық өкілдігінің директоры Қанат Бейсенов.

“Азық-түлік келісімшарт кор­по­рациясы” мамандарының ай­туынша, өңірімізде несиесін қай­тармаған шаруашылықтар да бар екен. Астық сапасының на­шар­ла­уына байланысты кәсіп­керлер жалпы көлемі – 19,5 млрд. теңге берешек. Мамандар фор­вард­тық сатып алу және тауар­лық несие бойынша міндет­теме­лерін орындау мерзімін осы жыл­дың қазан айына дейін ұзарт­пақ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp