«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘУЛІК БОЙЫ ҚОҢЫРАУ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2023 жылы 1414-ке 30 миллионнан астам телефон қоңырауы түскен. 2022 жылмен салыстырғанда қоңыраулар саны шамамен 24 пайызға өсіп, 7 миллионнан асты. Өткен жылы азаматтарды төлқұжат пен жеке куәлік алу, жүргізуші куәлігіне өтініш беру, баланың тууы мен күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға қатысты сұрақтар жиі қойылған.

1414 желісі мемлекеттік қызметтер, “eOtinish” жүйесі, ХҚКО-лардың қызметі және құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Бұдан өзге, операторлар міндетті әлеуметтік медицинлық сақтандыру және медициналық көмек алу бойынша сұрақтарға да жауап бере алады.

Сонымен қатар өткен жылы бірыңғай байланыс орталығының желісіне 24/7 режімінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қолдау көрсететін робот енгізілді. Ол ХҚКО-ға кезекті брондау, құжаттардың дайындығын тексеру, психологиялық және наркологиялық диспансердің анықтамаларын беру сияқты сұранысқа ие сервистерді көрсете алады. 2023 жылы адамдар роботтың көмегіне 5 миллион рет жгінген.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың сәуір айында 1414 бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік корпорацияға берілген болатын. Қазақстанның жеті қаласында орталық кеңселері орналасып, 500-ден астам оператор жұмыс істеуде. Сондай-ақ, биыл 1414 орталығы “Хрусталь гарнитура” халықаралық байқауына қатысып, 444 компания ішінен финалистердің үштігіне кірді.

Анар ҚҰСАНОВА,

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp