Өңірде 400-ден астам және 250-ге жуық қосалқы кәсіпорын өндіріспен айналысады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың кәсіпорындары 650 миллиард теңгеге жуық өнім өндіріп, өнеркәсіптік өндіріс индексі 114,4 пайызды құрады. Бұл – республика бойынша екінші көрсеткіш.
Жаңа нысандарға келетін болсақ, облыс орталығында асфальт өндіру зауыты, фанера, алюминий, қағаз бұйымдарын өндіру цехтары, Новоишимское ауылында орталық қазандық, Петерфельд ауылында асфальт шығаратын цех пайдалануға берілді.
Саланы дамыту үшін былтыр 65,4 млрд.теңге инвестиция бағытталды, бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 18,5 пайызға артық. Өңір негізгі капиталға инвестициялар салу бойынша республикада үштікке кіреді (негізгі капиталға құйылған инвестициялардың үлес салмағы – 14,7 пайыз).
Өнеркәсіпке инвестиция тарту есебінен кәсіпорындардың техникалық жарақтандырылуы жақсарып, тауарлар ассортименті кеңейіп, сапасы мен дизайны жетілдіріле түсті.
Тұрақты өсу негізгі салаларды қамтып, темір жол вагондары, мамандандырылған техника, электр қозғалтқыштары, трансформаторлар көптеп шығарыла бастады.
Әлия АРҒЫМБАЕВА,
ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің бас маманы, баспасөз хатшысы.