«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДИРЕКТОРЛАР ФОРУМЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астанадағы Назарбаев университетінің базасында “Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ” тақырыбындағы директорлар форумы өтті. Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы білім беру ұйымдарының 1200-ден астам басшысы жиналды.

Салалық министрлік ұйым­дас­тыр­ған шарада білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. TEDx форматын­дағы интерактивті сессияға қа­тысқан еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаев отандық білім беру жүйесін дамытудың маңызды аспектілеріне тоқталып, кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

“Мемлекет басшысының қол­да­уымен төрт жыл ішінде педа­гогтардың жалақысы 100 пайыз­ға, яғни, екі есе өсті. Өткен жыл­дың қыркүйегінде мектепке де­йінгі ұйымдардағы педагогтар­дың жалақысы 30 пайызға көбейді. Бұл бағыттағы жұмыс­тар, яғни, педагогтарды қолдау шаралары жалғасады. Осы жыл­дан бастап білім беру қызмет­керлерін кө­тер­мелеу жүйесі, сондай-ақ бі­лім беру ұйымдары басшылары мен олардың орын­басарлары­ның жалақысы қайта қаралатын болады”, – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсем­баев.

Форумда қатысушылар үшін диалог алаңы ашылды. Он­да білім беру саласындағы бақылау және мониторинг іс-шараларының қо­рытындыларымен таныс­ты­рып, биылға арналған жос­парлар баяндалды.

Осындай тың ақпараттар айтылған форумға Қызылжар ау­данындағы №2 Бескөл орта мек­те­бінің директоры Ботагөз Бата­нова да қатысты. Оның айтуын­ша, мұндай республикалық фо­рум­дардың берері мол.

– Әлемдік кеңістіктегі мектеп­тердің қатарына өту, білім сала­сын дамыту – мемлекет басшы­сы талап етіп отырған міндеттер­дің бірі. Бұл мақсатқа жету үшін жа­ңашылдық, өзгеріс қажет. Пе­да­гогтар да аянбай еңбек етуіміз керек. Бұл – тек бізден ғана емес, педагогтар мен ата-аналардан күтілетін жауапкершілік. Осы форумға қатысқаннан кейін мен өз алдыма бірнеше мақсат қой­дым. Мектеп ұжымы өзгеріс­терге бейім болып, сапалы білім, жақсы тәрбие беру жолында аянбай қызмет етуі тиіс, – дейді Ботагөз Батанова.

Бұған дейін Алматы қаласы, Түркістан, Же­тісу және Алматы облыстарының мектеп дирек­тор­ларымен кездесулер өткен болатын. Форум алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp