«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНВЕСТИЦИЯ – ЭКОНОМИКАНЫ АЛҒА БАСТЫРАТЫН ТЕТІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облыстың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары түйінделіп, 2024 жылға арналған жоспарлар бекітілді.

Алқалы басқосуда баянда­ма жасаған экономика басқар­масының басшысы Қуанышбек Қалижанов жеке салаларға тоқталып, тұтастай алғанда, негізгі көрсеткіштер бойынша оң өзге­рістер қалыптасқанын жеткізді.

Ауыл шаруашылығында 851,5 млрд. теңгенің өнімі шы­ғарылған. Мал шаруашылығын­да ет өндірісі – 1,2, сүт 3,3 пайызға ұлғайып, жұмыртқа өн­діру 3,7 пайызға кеміген. Өнер­кәсіпте 519,7 млрд. теңгенің тауарлары өндірілген. Оның 69 пайызы Петропавл қаласы есе­бінен қамтамасыз етілген. Жал­пы өнімнің негізгі үлесі өңдеу кә­сіпорындарына тиесілі (83,1 пайыз.) “ЗИКСТО”, “Масло-Дел”, “Евразиан Милк”, “Радуга”, “Петропавл электротехникалық зауыты” ЖСШ-ның көрсеткіштері атап өтуге тұрарлық.

Баяндамашы өз сөзінде ау­дан, қала әкімдері мен тиісті ведомство жетекшілері өнер­кәсіп өндірісінің қарқынын арт­ты­ру үшін кәсіпкерлермен бір­лесіп, жергілікті нарықта қандай өнімдер қажет екеніне талдау жасап, өткізу әлеуетін анықтау­дың маңызын атап өтті. Бұдан бөлек, табиғи қазбалардың мол қорын ескере отырып, жаңа өн­діріс орындарын ашу ұсынысы айтылды.

Осы мерзім ішінде негізгі ка­питалға тартылған инвестиция көлемі 445 млрд. теңгеге жуықтаған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне қаржы молырақ құйылған. Құрылыс саласында орындалған жұмыстардың көл­е­мі – 25,6 пайызға, оның ішінде құры­лыс-монтаж жұмыстары – 22,1, күрделі жөндеу – 49,3, ағымдық жөндеу 24,2 пайызға ұлғайған. Жалпы ауданы 305953 шаршы метр тұрғын үй ғимараттары пайдалануға берілген.

25556 адам жұмысқа орна­ластырылған, 10667 тұрақты жұ­мыс орны құрылған. Алдағы уа­қытта да халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан кешенді іс-шаралар жұмыссыздық деңгейінің өсуін тежейтін фактор ретінде басты назарда болуы тиіс.

2024 жылдың жоспары өте ауқымды. Ауыл шаруашы­лығы өнімдерін 1466 млрд., осы салаға тарты­латын инвестиция­лар мөлшерін 281,5 млрд. теңге­ге, елді мекен тұрғындарын су­мен жабдықтау қыз­меттеріне қол­жетімділігін 93,3 пайызға жеткізу, жұмыс­сыздық деңгейін 4,9 пайыздан асырмау міндеті тұр.

Бұдан кейін төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерік Сарыбаевтың есебі тың­далды. Ол су тасқыны қаупінің ал­дын алу шаралары жайлы әңгімеледі. Былтыр облыс орталығын­да орналасқан Жұмысшы кенті мен кей шағынаудан аумақтарында, аудандарда су дең­гейінің жоғарылау фактілері тір­келген. Жедел көмек­тің арқасында орын алған қиын жағдайлар еңсерілген. Де­сек те, көшелердегі арықтар мен су өткізетін құбырларды қо­қыс­тардан, қардан тазарту, мұздан аршу ісі әлі де көңіл көншіт­пейді.

Бүгінде 87 елді мекен (1729 үй, 5 мыңнан астам тұрғын) су тасқыны қаупі өте жоғары ау­мақтарда орналасқан. Өзен ар­на­лары суға толса, 30 ауылға қа­тер төнуі мүмкін. Көктемгі тас­қынға қарсы жүргізілетін маңыз­ды іс-шаралардың бірі – қар­ды уақытылы шығару, инерт­ті материалдармен толық қамта­ма­сыз ету, ауыр инже­нерлік тех­никаларды жалға алу тәжірибе­сін жалғастыру, су ай­дау жаб­дық­тарын әзірлікке келтіру, мұз жару жұмыстарын ал­дын ала жоспарлау. Осыған орай 475 адамнан және 135 тех­ника бір­лігінен тұратын күштік топтар құ­рылған. Олар су тасқынына осал учаскелерге шоғырлан­ды­рылады. Сондай-ақ азаматтық қорғау, жол-құрылыс техника­ла­рын, жанар-жағармай, инертті және құрылыс ма­териалдарын дайындап, жеткізетін қызмет­тер, күрделі учас­ке­лерде жедел көшіру жыл­жымалы-инженерлік бекеттер жасақталады.

Санитарлық-эпидемио­логиялық бақылау департамен­тінің басшысы Әсет Жұматаев туберкулезбен сырқаттану бойынша эпиде­миологиялық ахуалдың күрделі екенін баяндады. Былтыр 2022 жылмен салыстырғанда індет 3,9 пайыз­ға өскен, жаңадан 216 факт тіркелген. Бұл көрсет­кіш Тимирязев, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Шал ақын аудандарында, Петропавл қаласында жоғары. Туберкулезге қарсы және балалар арасында вакцинациялаудың үлесі – 92,7 пайыз. Өкінішке қарай, жаңа ту­ған нәрестелерге туберкулезге қарсы екпе егуден бас тартқан жағдайлар кездесіп қалады. Былтыр қызылшамен ауырғандардың – 241, биыл 65 фактісі тіркелсе, 87 пайызы – екпе салдырмағандар. Эпидемио­логиялық ахуалды тұрақтанды­ру үшін еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде қосымша иммундау жүргізі­луде.

Облыс әкімі тиісті басқарма­ларға өткен жылдарға талдау жа­сай отырып, әр ауданның мүмкіндігі мен әлеуетін сара­лауды, сөйтіп биылғы жылға арналған даму іс-қимыл жоспарларын бекітуді тапсырды.

“Биыл ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемін ұлғайтып, тұрғын үйлерді іске қосу жоспарының орындалуын қам­тамасыз ету қажет. Сон­ымен бірге ауылдық жерлерде бас­пана тұрғызу бағдарлама­сына қатысу үшін шаруалар пулын анықтау, оның негізінде бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуын бақылауда ұстау керек”, – деді Ғауез Тор­сан­ұлы.

Өңір басшысы инвестиция эко­­номика дамуының драйвері екенін атап көрсетті. Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына, ау­дандар мен қала әкімдеріне ин­вестиция тарту жоспарының орын­далуын бақылауға алуды және биыл жүзеге асатын ин­вест­жобаларды анықтауды міндеттеді.

“2024 жылы инвестиция тарту бойынша жоспар 557 млрд. теңгені құрайды. Осы са­лаға айрықша басымдықтар бе­ріледі”, – деген Ғауез Нұрмұ­хамбетов мемлекеттік сатып алулардың орындалу барысын, маңызды инвестициялық жоба­лардың жүзеге асуын, сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp