«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жылу құбыры жарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жылу желісін­де апат болып, бірнеше көпқа­батты үй жылудан ажыратылды. Тұрғындардың айтуынша, дала­ға аққан ыстық су жақын маң­дағы жертөлелерге де кірген.

“Севказэнерго” акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мә­ліметінше, “Петропавл жылу же­лілері” жауапкершілігі шектеулі се­ріктестігі Н.Назарбаев, 154 және “Егемен Қазақстан”, 118 ме­кенжайларының маңында диа­метрі 200 мм жылу құбырының жарылғандығын анықтаған.

Қазіргі уақытта апаттық бри­га­да – 6 маман және 4 арнайы техника оқиға орнында жұмыс іс­теп жатыр. Жөндеу аяқталғанға дейін сол маңдағы тұрғын үйлер жылусыз отырмақ. Яғни 28 көп­қабатты тұрғын үй, 6 жеке үй, бір балабақша және 7 кеңсе жы­лусыз қалды.

“Жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл апат қаланы жылумен қамтуға еш әсер ет­пейді. Мамандар 1,5-2 сағаттың ішінде қалпына келтіру жұмыс­та­рын аяқтайды”, – деді “Петро­павл жылу желілері” жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі бас директорының міндетін атқару­шы Виталий Холоша.

Оқиға орнына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те барып, жағдаймен танысты.

“Жауапты кәсіпорын өкілде­ріне жөндеу жұмыстарын шұғыл түрде аяқтау туралы тапсырма бердім. Қазір “Петропавл жылу желілері” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің жөндеу бри­га­дасы тиісті жұмыстарды жүр­гізіп жатыр. Мамандар жөндеуді қысқа мерзімде аяқтауды жос­парлап отыр. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда”, – деді өңір басшысы.

Мамандардың айтуынша, жарылған жылу құбыры 1970-80 жылдары пайдалануға беріл­ген. Жалпы Петропавл қаласы бойынша 230 километр жылу же­лісі бар, соның 72 пайызы ескір­ген. Былтыр 8 шақырым құбыр жөнделіпті.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp