ЖАҢА КӨЛІКТЕРДІҢ ЖАРТЫСЫ АУЫЛҒА БЕРІЛДІ
Өңірдің медициналық ұйымдары жаңа 19 санитарлық автокөлікпен толығып, темір тұлпарларды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов салтанатты түрде табыс етті. Техниканың жартысы ауылдарға берілді. Ғауез Торсанұлы өз сөзінде денсаулық сақтау саласын үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын жеткізді. Былтыр облыс орталығында екі емхана пайдалануға берілді. “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы шеңберінде биыл елді мекендерде 38 дәрігерлік амбулатория мен …