«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Емтихан нәтижесі бірден шығады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық бірыңғай тесті­леуде талапкер өзінің нәтиже­сімен келіспеген жағдайда бір­ден апелляцияға бере алады. Өйткені тестілеу бұрынғы қа­ғаз нұсқадан электронды фор­матқа ауыстырылғаннан бері емтихан нәтижесін бірден көру мүмкіндігі пайда болды.

Қазіргі электронды тестілеуде талапкерлердің жинаған ұпайла­ры тестілеу соңында экранға шы­ғарылады. Сонда көрсетілген қо­рытындысымен келіспеген жағ­дайда сол мезетте апелляцияға бере алады. Апел­ля­цияға беруге тест нəтижеле­ріндегі сұрақтардың мазмұнына не­ме­се техникалық кемшіліктерге қа­тысты мəселелер себеп болуы мүмкін.

Сұрақтардың мазмұны бойын­ша апелляция тестілеу аяқталған­нан кейінгі алғашқы 30 минутта бе­ріледі. Апелляция дəлелді түсінікте­мемен негізделуі керек. Ал егер тестіленуші дұрыс жауапты табу­ға кедергі келтіретін тапсырма шарттарында фрагменттің (мəтін, схема, сызбалар, кестелер) жоқ­ты­ғын анықтаса, техникалық себеп­тер бойынша апелляцияға беруі қажет.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев аталған мəселеге қатысты: “Апел­ляцияны тек қызық көріп немесе қосымша ұпайларға үміттеніп, тиісті негіздемесіз беруге болмай­тынын атап өткен жөн. Апелляция сұрақтардың немесе жауаптар­дың сəйкес келмеуі, сондай-ақ тех­никалық себептер бойынша ғана берілуі керек. Апелляциялық сұ­рақтардың барлығын республика­лық апелляциялық комиссия 30 жұмыс күні ішінде қарайды”, – деп түсініктеме берді.

Тестіленуші сертификатын апел­ляциялық шағым туралы ше­шім қабылданғаннан кейін жеке кабинетінен көре алады. Қаңтар айындағы ҰБТ басталғаннан бері 53 мыңнан аса адам тест тапсыр­ды. Оның ішінде талапкерлердің 73,6 пайызы қазақ тілінде, 26,3 пайызы орыс тілінде, 35 адам ағыл­шын тілінде тестілеуден өтті. Шекті ұпайды 73 пайызға жуық та­лапкер жинады. Орташа ұпай 65-ті, ең жоғары ұпай 134-ті құрады. Тестке қатысушылардың басым бөлігі “Математика-Физика” жəне “Биология-Химия”, “Математика-Информатика” бағытын таңдаған. Ең аз таңдалғаны “Химия-Физика” бағыты болып тұр.

Орталық басшысы Руслан Емелбаевтың айтуынша, 63 ере­же бұзушылық анықталған. Оның ішінде 43 талапкер смартфон, шпа­ргалка жəне басқа да тыйым салынған заттарды алып өту əрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тесті­леу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 20 адам шыға­рылып, олардың нəтижелері жойылды. Айтпақшы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге де тестілеуді өзге замандаста­ры­мен бірдей тапсыруға жағдай жа­салған. Мысалы, қаңтардағы ҰБТ-ны дəл осындай 158 талапкер тапсырыпты.

2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін биылғы қазан айының соңы­на дейін тестілеудің бейнежазба­ларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фак­тілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нəтижелері жойыла­тынын атап өткен жөн.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp