«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зиянды жұмыстағыларға арналған төлем

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” Жолдауында жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленетінін айтқан болатын.

Мемлекет басшысының тап­сырмасын іске асыру мақсатын­да 2024 жылғы 1 қаңтардан бас­тап зиянды еңбек жағдайларын­да жұмыс істейтін қызметкерлер­дің әлеуметтік қорғалуын артты­ру бойынша мынадай шаралар жүзеге асырылуда: біріншіден, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға ар­найы әлеуметтік төлемдер енгі­зу; екіншіден, жұмыскерді жаза­тайым оқиғалардан міндетті сақ­тандыру жүйесін жетілдіру; үшін­шіден, зардап шеккен жұмыскер­лерді әлеуметтік қорғауды кү­шей­ту қарастырылған.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зиянды жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін Аза­маттық, Еңбек, Әлеуметтік ко­декстерге және “Қызметкер ең­бек (қызметтік) міндеттерін ат­қар­ған кезде оны жазатайым оқи­ғалардан міндетті сақтандыру ту­ралы” Заң қайта қаралды.

Зиянды еңбек жағдайларын­да жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арт­ты­ру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы әлеуметтік төлем енгізілді.

Жұмыс істейтіндерге арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайын­даудың міндетті шарттары: 55 жасқа толу және БЖЗҚ-да кемін­де 7 жыл міндетті кәсіптік зейнет­ақы аударымдарының болуы.

Арнаулы әлеуметтік төлем бір­неше компоненттен тұрады және төрт қаражат көзінен жүзе­ге асырылады: республикалық бюд­жеттен екі ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кә­сіп­тік жәрдемақы; өмірді сақтан­дыру жөніндегі компаниялардан (бұдан әрі – ӨСК) бір ең төмен күн­кө­ріс деңгейі мөлшерінде; жұ­мыс берушілердің қаражаты есе­бінен бір ең төмен күнкөріс дең­гейі мөлшерінде, БЖЗҚ-дан мін­детті кәсіптік зейнетақы жарна­лары және міндетті зейнетақы жар­налары есебінен. 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 43407 теңгені құрады.

Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер зиянды жұмыстармен айна­лысатын жұмысшылардың, өнді­рістердің, жұмыстардың, кәсіп­тердің тізбесіне енгізілген жұ­мыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудара­ды, олардың 2 мыңнан астам по­зициясы бар. Осылайша, арнау­лы әлеуметтік төлем экономика­ның 19 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және басқаларында жұмыс істейтін қазақстандықтарға тиесілі болады.

Арнайы әлеуметтік төлем қызметкер зиянды еңбек жағдай­лары бар жұмыстарда еңбек қыз­метін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда беріледі.

Зейнеткерлік алдындағы ан­нуитет шарты бойынша сақтан­дыру төлемі оны алушы “Қыз­мет­кер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жаза­тайым оқиғалардан міндетті сақ­тандыру туралы” Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің қаражаты есе­бінен кәсіптік төлем Еңбек ко­дексіне сәйкес жүзеге асырыла­ды. Еңбек кодексінің 127-3-ба­бына сәйкес зиянды жұмыстарда істейтін жұ­мыскерлерге елу бес жасқа тол­ған және олар үшін жиынтығын­да кемінде сексен төрт ай мін­детті кәсіптік зейнетақы жарна­лары төленген кезде олар еңбек жағдайлары зиянды жұмыстар­дағы еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік фак­торлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдай­да жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем жүзеге асырылады.

Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №526 бұй­рығы­мен бекітілген жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік тө­лем­ді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларына сәйкес кәсіптік тө­лем құқық туындағаннан кейін порталда ұялы байланыс або­ненттік құрылғысының телефон нөмірі тіркелген кезде проактивті қызмет арқылы жүзеге асыры­лады. Проактивті қызмет арқы­лы кәсіби төлемді жүзеге асыру­ға өтініш беру талап етілмейді.

Кәсіптік төлем алуға құқығы бар жұмыскер жұмыс берушіге қа­ғиданың 1-қосымшасына сәй­кес жұмыс берушімен еңбек шар­тын бұзуға немесе зиянды өнді­рістік факторлардың әсерін бол­ғызбайтын басқа жұмысқа ауы­су­ға өтініш береді.

Жұмыс беруші жұмыскердің өтініші негізінде Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің ақпараттық жүйесінен жиынтығында кемінде сексен төрт ай мін­детті кәсіптік зейнетақы жарна­ларын төлеу фактісінің болуы ту­ралы мәліметтерді алады, еңбек шарты тоқтатылған немесе зиян­ды өндірістік факторлардың әсе­рін болғызбайтын басқа жұмыс­қа ауысқан күннен бастап үш жұ­мыс күні ішінде еңбек шарттарын тіркеудің біркелкі электрондық жүйесінде еңбек шартының тоқтатылуы немесе еңбек шарты талаптарының өзгеруі туралы ақпарат енгізеді.

Жұмыс берушінің еңбек қыз­метін тоқтату немесе басқа жұ­мысқа ауыстыру туралы актісі шы­ғарылған күн жұмыскердің еңбек жағдайлары зиянды жұ­мыс­тарда еңбек қызметін тоқта­ту немесе зиянды өндірістік фак­торлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысу күні болып есептеледі.

Жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шарты бұзылғаннан неме­се оны жеңіл еңбекке ауыстыр­ғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде қолданыстағы қызметкерді жаза­тайым оқиғалардан міндетті сақ­тандыру шарты бар өмірді сақ­тандыру жөніндегі компанияға (әрі қарай ӨСК) сақтандыру тө­леміне өтініш жазады.

Кәсіптік төлемді жүзеге асы­ру үшін қажетті дербес дерек­терді жинауға және өңдеуге жұ­мыскердің келіскен күні проак­тивті қызмет арқылы кәсіптік тө­лемді жүзеге асыру күні болып есептеледі.

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді ұйым­дастыру және жүзеге асыру “Аза­маттарға арналған үкімет” мем­лекеттік корпорациясы арқылы жүргізіледі.

Жұмыс істемейтіндер 55 жас­қа толған кезде зиянды еңбек жағ­дайларында жұмыс істемейтін, бірақ жеті жыл ішінде міндетті кә­сіби зейнетақы жарналары ауда­рылған адамдар екі қаржылан­дыру көзінен: республикалық бюджеттен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ар­найы әлеуметтік жәрдемақы алу­ға құқылы. Олар тұрғылықты жері бойынша “Азаматтарға ар­налған үкімет” мемлекеттік кор­порациясы” КЕ АҚ филиалына жү­гінуі керек. Қазақстан Республи­касының әлеуметтік кодексіне сәйкес арнайы кәсіптік мемле­кет­тік жәрдемақы өтініш берілген күн­нен бастап тағайындалады. Жұ­мыскер арнаулы әлеуметтік төлемдерді зейнеткерлік жасқа толғанға дейін алады.

Сонымен қатар, арнайы әлеу­меттік төлемдер зиянды ең­бек жағдайларында жұмыс іс­тейтін қызметкерлерді қорғау құ­ралдарының бірі болып табыла­ды. Төлем алушы зиянды еңбек жағ­дайларында жұмыс істей ал­майды. Осылайша, егер адам тө­лем алу құқығын іске асырса және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға орналастырылса, онда барлық көздерден төлем­дер автоматты түрде тоқтаты­лады.

Қызметкерді жазатайым оқи­ғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру шеңберінде сақтанушыға, яғни жұмыс бе­ру­шіге сақтандыру сыйлықақы­сы­ның алты пайызынан аспайтын мөлшерде алдын алу шарала­рын жүргізуге арналған шығын­дарды өтеу, сондай-ақ сақтану­шыға сақтандыру сыйлықақы­сының алты пайызынан аспайтын мөлшерде оңалту шарала­рын жүргізуге жұмсалған шығын­дарды өтеу көзделген.

Зардап шеккен қызметкер­лерді әлеуметтік қорғауды күшей­ту мақсатында зиянды өтеу (сақтандыру төлемі) мөлшерін айқындау кезінде жазатайым оқиға салдарынан қызметкердің кінәсін болдырмау қарастырылған.

Тұтастай алғанда, қабылда­нып жатқан шаралар кешені жұмыскерлердің зиянды өндірістік факторлардың әсерінен шығуын ынталандыруға және елімізде еңбек ресурстарын үнемдеуге бағытталған.

Марат ОМАРОВ,

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті облыстық департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp