ӨКПЕ ОБЫРЫ ТЕМЕКІ ТАРТАТЫНДАРҒА ҮЙІР
Онкологиялық ауру неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым ем нәтиже беріп, науқастың дерттен жазылу ықтималдығы артады. Бұл – өкпенің қатерлі ісігіне де қатысты. Өкпенің қатерлі ісігі – онкологиялық аурулардың ішінде жиі кездесетін дерттердің бірі. Қазіргі уақытта өңірде 449 адам диспансерлік есепте тұр. Тек былтыр 200-ге жуық сырқатқа алғаш рет осы диагноз қойылған. Обыр анықталған пациенттердің шамамен төрттен …