«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз салынған салық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір прокурорлары мүгедек­тігі бар адамдар мен олардың заңды өкілдерінің құқығын қор­ғады. Облыстық прокуратура­ның мәліметінше, халықтың әлеуметтік осал топтарының құ­қығын қорғау бойынша қадаға­лау жұмыстары аясында осы са­натқа жататын адамдардан жеке табыс салығын және басқа да төлемдерді негізсіз ұстап қалу түрінде өрескел заң бұзу­шылық деректері анықталған. Мәселен, Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында жұмыс берушілер “Салық және бюд­жет­ке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” кодек­стің 346-бабын бұзған. 2022-2023 жылдары олар мүгедектігі бар балалардың 74 заңды өкілінен жалпы сомасы 6,6 млн. тең­ге жеке табыс салығын ұстаған. Ал Ақжар ауданында мүмкіндігі шектеулі 19 адамнан көлік са­лығы мен мемлекеттік баж са­лығы заңсыз ұсталған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік кіріс органдары тұрғындарға 2,3 млн. теңгені қайтаруға көмек­тес­ті. Қалған соманы қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp