«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әр жұма күні – ұлттық киіммен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс мектептері ұлттық құндылықтарды наси­хат­тау мақсатында аптаның бір күнін қазақтың өнері мен салтына арнап, жұмада ұлттық киім киюді дәстүрге айналдыра бастады.

Петропавлдағы Әлихан Бө­кей­­­хан атындағы №25 орта мек­теп ұстаздары мен оқушылары ал­ғашқылардың бірі болып бұл бас­таманы қолға алды. Білім ор­да­сындағы барлық сынып оқу­шы­ла­ры әр аптаның жұма күні қазақша киініп жүруге әдеттенбек. Бала­лар ғана емес, мұ­ға­лімдер де бұл күні заманауи этностильде киініп, әшекейлер тағады.

“Біз бұл игі бастаманы “Біртұ­тас тәрбие бағдарламасы” ая­сын­да ұлттық құндылықтары­мыз­ды насихаттау мақсатында қолға алдық. Президентіміз: “Ұлт­тық мәдениет дегеніміз бұл – ма­ғынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәде­ниеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бас­тау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жар­қын көріні­сі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Нау­рыз мейрамын­да я болмаса бас­қа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді” деді. Біз мектеп болып “Ұлт­тық киім кию” күнін өткізетін бол­дық. Бүгін оқу­шыларымызбен үзіліс уақытын­да қазақтың ұлт­тық ойындары “Ләңгі тебу”, “Ар­қан тартыс”, “Асық ату”, “Бес асық” ойнатыл­ды. Балалардың ой-өрісін дамы­ту мақсатында “1 ма­қал – 1 ба­уырсақ”, “Қызықты вик­торина” ойындары өткізілді”, – дейді мек­теп директорының оқу ісі жөнін­дегі орынбасары Жады­ра Зұл­қар­наева.

Мектептің 1-сынып оқушы­ла­рының ата-аналары балала­рына қазақша стильде тапсы­рыс­пен ар­­найы киім тіктірген.

Ұстаздардың пікірінше, ұлттық өнер мен мәдениетті наси­хат­тау мектептен басталуы тиіс. Қазіргі уақытта білім ордасында 60-қа жуық мұғалім еңбек етеді. 630-дан астам оқушы оқиды.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметін­ше, ұлттық киім кию күнін басқа мектептер де енгізіп жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp