«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АҚИҚАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Батырлық аты – Ауғанстан” атты көрме ашылды. Тағылымы мол іс-шараға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мамандары, “Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағы” облыстық филиалының өкілдері мен Ұлттық Ұлан академиясының курсанттары қатысты.

– Бұл әскери қақтығыс XX ға­сырдың қаралы тарихының бел­гісі болып қалады. Өмір мен өлім­нің ортасында азаматтық борышын өтеген сан мыңдаған жас өркеннің тағдырына көп өз­ге­ріс әкелген де осы Ауған қасі­реті еді. Дерекке жүгінсек, ел­ден 22 мың сарбаз аттанып, олардың 10 мыңға жуығы қаза тапқан, ал 21 жауынгер із-түссіз кеткен екен. 15 ақпан – соғыста қаза тапқандарды еске алу күні ғана емес, бұл күн сонымен бір­ге Ауғанстан Демократикалық Республикасында өз әскери жә­не азаматтық міндетін адал да ерлікпен атқарып үйге орал­ған­дарға ризашылығымызды және алғысымызды білдіру күні, – де­ді облыстық музей бірлестігі­нің директоры Гүлнәр Мұқышева.

Көрменің ашылу салтана­тын­да “Азия дауысы” респуб­ли­ка­лық конкурсының лауреаты, әнші Мұса Сұлтанов бірне­ше ән орындап берді. Бір топ ар­да­гер­ге мәдениет, тілдерді да­мы­ту және архив ісі басқарма­сы­ның Ал­ғыс хаты табыс етілді. Құр­­мет­ке бөленгендердің қата­рын­да Ерік Тәттібаев, Алек­сандр Азегов, Юрий Пропащев бар.

Содан кейін жиналғандар сө­релердегі Ауған соғысының ақи­қатын паш ететін құжаттармен, суреттермен танысты.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp