«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дарынды балаларға — мүмкіндік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте дарынды балаларға мамандандырылған мектептерде құжаттарды қабылдау мен түсу ережелері таныстырылды.

Облыстық білім басқармасының бас маманы Алмагүл Оспанованың айтуынша, Петропавл қаласында осындай 4 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Олар – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты, облыстық дарынды балаларға мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернаты, Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі-музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені, “ЛОРД” дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты.

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты және “ЛОРД” дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты конкурсқа қатысу құжаттарын 1 ақпаннан 15 сәуірге дейін қабылдайды. Ал облыстық дарынды балаларға мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернатында 7-сыныпта оқу үшін конкурстық іріктеуге тіркеу 1 ақпанда басталып, 12 сәуірге дейін жалғасады.

“ЛОРД” мектеп-лицей-интернаты 1 сыныпқа – 25, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты 1 сыныпқа – 24 баланы қабылдайды.

Жалпы өтініштер мамыр айы бойы қабылданады. Ал конкурстық іріктеу 5-7 маусым аралығында өтеді деп күтілуде. Құжаттарды қабылдау туралы ақпарат білім басқармасының, білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерде, ата-аналар чаттарында, Оқушылар сарайының LED экранында жарияланады.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp