«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз пайдаланған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірдегі мемлекеттік мекемелер жер асты суларын арнайы пайдалану рұқсатынсыз қолданып келген. Облыстық прокуратураның мәліметінше, жүйелі заң бұзушылықтар қадағалау органының талдау жұмысы нәтижесінде анықталды.

Мәселен, Аққайың ауданы орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары Су кодексінің 66-бабының талаптарын бұза отырып, ұңғыманы рұқсатсыз бұрғылап, жер асты суларын заңсыз пайдаланған. Осыған ұқсас заң бұзушылықтар басқа 19 мемлекеттік органда – Жамбыл, Қызылжар, Есіл аудандарының білім бөлімдерінде, Айыртау, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев аудандары әкімдерінің аппаратында, “Пресновка”, “Булаев”, “Есіл” орман шаруашылықтарында анықталды.

Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғалары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 141-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 424 мың теңге айыппұл төледі. Қазір олар рұқсат құжаттарын алу бойынша шара қабылдап жатыр.

Өңір прокурорлары су объектілерін заңсыз басып алу және суды заңсыз пайдалану бойынша жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік түрінде 103 мың теңгеден 897 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылғандығы туралы еске салады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp