«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зияткерлік ойын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі студенттер арасында зияткерлік ойын өтті. Ұйымдасты­ру­шылар – “Amanat” партиясының об­лыстық филиалы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан уни­верситеті мен “Ардос-Жүрек” мүге­дектер бірлестігі. “Кедергісіз келе­шек” партиялық жобасы аясында өт­кен іс-шарада ерекше қажетті­лікте­рі бар жастар білімдерін сынға салды.

– Біздің ұйымның құрылғанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы уа­қыттың ішінде көптеген жобалар­ды іске асырдық. Одан бөлек мүге­дек­тігі бар жандардың арасында түр­лі іс-шаралар өткіздік. Негізгі мақ­са­тымыз – олардың белсенділікте­рін арт­­­тырып, қоғаммен байланыс ая­сын кеңейту. Жыл сайын шығар­ма­шыл жандарға ар­нал­­ған байқау­лар ұйымдастыры­ла­ды, – деді “Ар­дос-Жүрек” мүге­дек­тер бір­лестігі” ЗТБ директоры Ақжан Кәрім.

Зияткерлік ойынға жергілікті жо­ғары оқу орнының және Мағжан Жұ­мабаев атындағы жоғары колледж­дің студенттері қатысты. Колледж­дің 2-курс студенті Динара Тайма­но­ваның айтуынша, осындай ойын­дар арқылы жастар білімін да­мы­тып қана қоймай, жаңа адам­дармен та­нысады, өмірге деген құлшы­нысы оянады.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp