«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елік атқандар сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық соты 53 елікті атқан төрт бра­коньерге үкім шығарды. Оларға қылмыстық топ құрып, заң­сыз аңшылықпен айналысты деген айып тағылған еді.

Гр. деген қылмыстық топ құ­рып, оның құрамындағы Гн., Ж., З. 2022 жылдың күзінен 2023 жыл­дың 27 ақпанына дейін қару-жарақ пен автокөлікті пайдаланып, Пет­ро­павлдың маңында заңсыз аң аулаған. Осылайша 53 сібір елігін атып алған. Салдарынан облыс­тық орман шаруашылығы және жан­уарлар әлемі аумақтық инспек­циясына 68 млн. теңгеден астам шығын келген. Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.

Алайда З. өз кінәсін мойында­май, ақтауды, Гр., Гн., Ж.-де кінәсін мойындамай, жазаны жеңілдетуді сұрады.

Петропавл қалалық соты Гн., Ж., З.-ның кішкентай балалары ба­рын жазаны жеңілдететін жағдай деп қарады. Гр.-дың қылмысты бір­неше рет жасауы, қылмыстық топ құруы – оның жазасын ауырлатты.

Нәтижесінде Гр. 11 жылға сот­талды, ол қылмыстық атқару жүйе­сінің максималды қауіпсіздік мекеме­сіне орналастырылады, қалған үшеуі – Гн., Ж., З. 8 жылға бас бос­тандығынан айырылды, олар жа­за­сын орташа қауіпсіздік мекеме­сінде өтейтін болады. Сондай-ақ сотталғандар аңшылықпен ай­на­лысу құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp