Облыс әкімінің өкімімен Владислав Лукин мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Владислав Лукин Петропавл қаласының тумасы, 1990 жылы дүниеге келген. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің түлегі жоғары оқу орнын “құрылыс” мамандығы, “техника және технология бакалавры” бiлiктiлiгi бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2012 жылы облыстық құрылыс басқармасының сумен жабдықтау бөлiмiнiң бас маманы болып бастады.
2014-2017 жылдары осы басқармада бөлiм басшысы, басқарма басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2017 жылдың қазан айынан 2020 жылдың наурызына дейін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еттi. Содан кейін Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөнiндегi орынбасары, 2020 жылдан бастап 2023 жылдың тамызына дейін Мамлют ауданының әкімі болды. Соңғы тағайындауға дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысының міндетін атқарды.
Өңір басшысының өкімімен Жанат Сәдуақасов облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Жанат Сәдуақасов М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін “инженер-механик” мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 2003 жылғы қыркүйекте “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамында инженер-құрастырушы болып бастады. Әр жылдары түрлі лауазымда қызмет атқарды. 2018 жылғы 25 қаңтардан осы тағайындауға дейін Қызылжар ауданының әкімі болып еңбек етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.