«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Баяғы жартас — сол жартас

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әр қазақстандықтың елге, Отанға деген сүйіспеншілігі ең алдымен мемлекет­тік тілге деген құрметінен көрінеді. Өкініштісі сол, қанша уақыт өтсе де әлі күнге дейін қазақ тіліне салғырт қарайтындардың әрекетіне куә болып келеміз. Тіліміздің ертеңіне енжар қарайтындар қарапайым нәрсенің өзінде ағаттыққа жол беріп, қоғамның сынына ұшырап жатады. Өңірдегі мемлекеттік тілдің жай-күйін осындай қарапайым қателерге қарап-ақ бағамдай беруге болады.

Ақпараттар мен маңдайша­лардағы қателер, әсіресе, облыс орталығындағы сауда үй­ле­рі мен қоғамдық көліктерде көп кездеседі. Берілген суретте сондай самсаған көп қатенің тек бірнешеуін ғана мысал етіп бе­ріп отырмыз. Әйтпесе басқа ны­сандардағы көп қатеге көбі­міз­дің көзіміз үйреніп кеткен­дей.

Қаланың Интернационал жә­­не Пушкин көшелерінің қиы­лы­сында “Жеті ырыс” мейрам­ханасы орналасқан. Бірінші қа­ба­тында шағын сауда нүктесі бар. Оның қабырғасындағы жа­ңылтпаш жарнамаға назар ау­дарайық.

“Магазин женской молодеж­ной одежды” деген сөз мемле­кет­тік тілде “Әйелдердің жас киімдері дүкені” деп жазылған. Бұл сөзді оқып тұрып киімдер­дің “жасы”, “кәрісі” болады екен ғой деп қаласың. Баяғыдан бе­рі “балғын еттің” бәлесімен ба­сы қатқан тіл жанашырлары­на енді “жас киімді” жөндеуге тура келіп тұр. “Жүре берсең, көре бе­ре­сің” дегендей, тілбұзар­лар­дың осындай оспадарлы­ғын көре-кө­ре сауатсыз сауда­гер­лерге таң қалмайтын күйге жеттік.

Бөкетов көшесі қиылыса­тын Амангелді көшесінің де қа­те­ден аманы жоқ. Ол жердегі кө­ше аты жазылған тақтайша­да­ғы қатені бұған дейін газет бе­тінде жазып, түзетуге қол жет­кіз­генбіз. Алайда қала басшы­лығындағы жауаптылардың жұ­мысы осы қиылыстан әрі ас­пап­ты. Исмайлов көшесіне же­те бергендегі жазулар тасқа қа­шалғандай тағы сол қате күйін­де тұр. Мүмкін аталған көшенің шеткерірек жатқанынан болар. Аталған көшедегі қиылыста кө­ше атауы “Амангельды” деп жа­зылған. Жазылуынан жаңы­лып, атауын ұмытатындай қа­ла­мызда қазақша көшелердің саны да айтарлықтай көп емес қой. Сол аз ғана көшенің ата­уын жөндеп жаза алмағанымыз елге сын.

Мұның бәрі – нысан иелері мен көрнекі ақпаратқа жауапты мамандардың салғырт жұмы­сының салдары. Тілбұзарлар­дың ана тілімізге деген қарым-қатынасынан олардың ұлттың ертеңіне немқұрайлылығы мен ниетін аңдай беріңіз.

Қошан ҚАЛИ,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp