Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету стансаларының бірінде өрт шықты. Ғимараттың екінші қабаты мен шатыры толығымен жанып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға Мәскеу көшесінде орналасқан ғимаратта орын алған. Қызыл жалын 90 шаршы метр аумақты қамтыды.
– Өрт ғимаратқа жақын орналасқан дүкенге ауып кетпеу үшін құтқарушылар барын салды. Қызыл жалын уақытылы ауыздықталды, 30 маман мен 10 техника жұмылдырылды, – деді департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.