«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дер кезінде жеткен көмек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Уәлиханов ауданында жолды қар алуына байланысты құтқарушылар жедел медициналық көмекке мұқтаж 2 әйелді ауруханаға жеткізді.

18 ақпан күні сағат 01:30-да “101” жедел арнасына Телжан ауылдық ок­ругінің әкімі хабарласып, Кө­бенсай ауылына жол талғамайтын көлік жіберуді сұраған. 60 және 34 жастағы екі әйелге шұ­ғыл медициналық көмек қажет болған, біреуі қолын сындырып алса, екіншісінде соқыр ішектің белгілері болған. Бірер күн бол­ған боран салдарынан жолды қар алып қалып, олар өздігінен аудан орталығына шыға алма­ған.

Көмекке жақын орналасқан Талшық ауылының №8 өрт сөн­діру бөлімінен ТРЭКОЛ арнайы көлігі дереу жолға шығарылып, зардап шеккендерді Уәлиханов ауданының орталық аурухана­сына аман-есен жеткізді.

Олардың бірі – Урзия есімді әйел қызметкерлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp