«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЙІРІМ ТАМШЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық Мәдениет үйінде ауыр дертке шалдыққан Әйге­рім Мұстафина есімді қыз ба­ланың еміне қаражат жинау мақ­сатында қайырымдылық кон­цер­ті ұйымдастырылды. Шы­мылдығын “Теріскей” ансамблі ашқан игілікті іс-шарада есім­дері өңірге белгілі өнерпаздар: Біржан Есжанов, Еркебұлан Қа­рыпов, Асхат-Виктория Галеев­тар, Асхат-Динара Таушевтар өнер көрсетті. “Тұмар” ан­самб­лінің өкілдері мың бұрала би­леді.

– Әйгерімге арналған қайы­рымдылық кеш әр қалада ұйым­дастырылып, өткізілді. Маған оның анасы Бекзат Байжұма­нова хабарласып, көмек сұра­ған соң өнерде жүрген әріптес­терімнің басын қосуды жөн көр­дім. Көмекке мұқтаж жанды қол­дап жатқан барша жанға алғыс айтамын, – деді кеш жүргізушісі Нариман Жолдасбеков.

Әйгерім – 7-сынып оқушы­сы. “Алтын белгіден” үміткер. Бұ­ған дейін Алматы, Астана, Омбы қалаларындағы емхана­ларға барып, ақхалаттылардың көмегіне жүгінген. Алайда дәрі­герлер оған нақты диагноз қоя алмапты. Қажетті қаражат жи­налса алдағы күндері Түркия­ның Стамбұл қаласындағы кли­никаға бармақ.

Қайырымдылық шарасына “Қы­зылжар” футбол клубы, “Қы­зылжар – Жауынгер” спорт клу­бы, “Құлагер” хоккей клубы және бірқатар жеке кәсіпкерлер қатысты.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp